«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар


 тақырып. «Еуропалық Ағартушылық философиясы»



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
D050 Философия и этика

 
2 тақырып. «Еуропалық Ағартушылық философиясы»   
Адамзат тарихындағы Ағартушылықтың әртүрлі типтерінің ортақ жақтары.
Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы. 
Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның 
қоғамдық келісім-шарт теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. 
«Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қолөнерлердің Түсіндірме сөздігін» жасау. 
Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі. 
Ағартушылық – әлеуметтік прогресс жолы. Классикалық неміс философиясының негізгі 
ережелері. 
3 тақырып. «ХIХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы философия»
Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. 
Огюст Конт: философия – жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жалпы 
қорытындылаумен айналысатын синтетикалық ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның
индуктивтік логикалық әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялық дүниеде 
эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы. Логикалық позитивизм, аналитикалық философия – 
позитивизмнің үшінші кезеңі.  
Герменевтика – түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер: «түсінбеу – іргелі 
феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд 
Гуссерльдің феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер түсіну – әлеуметтік болмысты түйсінудің 
қажетті шарты екендігі туралы.
Экзистенциализмнің қалыптасуының әлеуметтік-философиялық алғышарттары. Серен 
Къеркегор: адам – әлемдік эволюцияның мақсаты және мағынасы. Мартин Хайдеггер адамның 
нағыз және нағыз емес болмысы туралы. Жан Поль Сартр: адам – еркіндікті немесе еркіндік еместі 
таңдаушы жоба. Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі. 
Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко «субъект – таным – 
дүние» жүйесінің элементтерінің арақатынасы мәселесін түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак 
Деррида: деконструкция – мәтінді зерттеу тәсілі. Структурализм: объектілердің тұрақты 
логикалық құрылымдары мен байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялық ойлауды 
сараптауға назар аударуы. Жан Лакан: Фрейдтің психоанализін структуралистік қайта қарастыру. 
Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалдық білім мен ақылды мақсат
прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс: білімнің ақиқаттылығы 
оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен анықталады. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм 
философиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет