«D050 философия және этика» білім беру бағдарламалар


тақырып. «Ғылым және қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82239
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
D050 Философия и этика

7 тақырып. «Ғылым және қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының 
философиялық мәселелері»
Қазіргі заманғы жаһандық өркениет және оның ерекшелігі, әлемнің даму реттілігіне ықпалы. 
А.Морган, Ф.Энгельс, М.Барг, М.Вебер, Р. Тейлордың өркениет туралы ілімдері. Тарихи және 
қоғамдық үдерісті өркениеттік ұстаным тұрғысынан зерттеу. Өркениеттік ұстанымның негізгі 
бағыттары: сызықтық-сатылық өркениеттік парадигма және локалдық өркениеттер теориясы. 
О.Тоффлер, С.Хантингтон ілімдері. Д.Беллдің постиндустриалдық қоғам теориясы. Г.Маклюэннің 
ақпараттық өркениет концепциясы.
Өркениеттік дихотомияның әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары: батыс және шығыс. 
Өркениет тұрғысынан қарастырғанда қазақстандық жолдың ерекшелігі. Қазақстандық өркениеттік 
бірегейліктің қалыптасуы. Қазақстан және қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
 «Философия тарихы» пәні
(қазіргі заман философиясы) 
 
1 тақырып. «Жаңа Дәуір философиясы»
Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу беделінің құлдырауы және ғылымның 
өркендеуі. Жаратылыстану ізденістерін дамытуды көздеген прогрессивті буржуазия табының 
пайда болуы. Таным әдістерін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм. 
Дүниенің жаңа, механикалық бейнесі. Философияда «субъект-объект қатынастары» принципінің 
үстемдік етуі. Фрэнсис Бэкон – танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы. «Білім – 
күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік әдісі. Рене Декарттың рационализмі. Дәлелді 
білімге қол жеткізудегі ойлау ережелері. Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және 
Декарттың дуализмі. Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт 
теориясы. Джон Локк: қоғамның табиғи күйі – еркіндік пен теңдік. Биліктің үш тармағы туралы 
Локктың ілімі – болашақ демократиялық мемлекеттің іргетасы. Субстанция мәселесін шешудегі 


Бенедикт Спинозаның пантеизмі. Спинозаның этикасы: еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік. 
Готфрид Лейбництің монадологиясы. Джордж Берклидің субъективтік идеализмі. Давид Юмнің 
солипсизмі. Ағылшын эмпиризмінің дағдарысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет