Ораза зекет Садақа


«…Алтын мен күмісті жиып алып оларды



Pdf көрінісі
бет27/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

«…Алтын мен күмісті жиып алып оларды 
Аллаһ жолында жұмсамағандар бар ғой, міне, со-
ларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле!»
(Тәубе сүресі, 
34-аят)
.
«(Осы ақшалар) тозақ отында қыздырылады 
да сонымен олардың маңдайлары, қабырғалары 
және арқалары таңбаланатын күн (Оларға бы-
лай айтылады:) «Міне, осы өздерің үшін жинаған 
байлықтарың. Ал енді жинап жатқандарыңның 
дәмін (азабын) татыңдар!»
(Тәубе сүресі, 35-аят)
.
Аллаһ Расулі (с.а.у.) бір хадисінде: 
«Әр күні таң 
уақытында екі періште жер бетіне түседі. Бұлардың 
біреуі:


48
зекет
«Аллаһым! Мал-мүлкін хақ жолында жұмсағанға мал-
мүліктің жаңасын бере гөр! - деп дұға етеді.
Екіншісі: «Аллаһым! Сараңдық жасағанның мал-мүлкін 
жоқ ете гөр!, - деп қарғыс бата береді» 
(Мүслим, Зекет)

Бұл ақиқат себебімен тақуа көңілдер мына 
ескертуді ешқашан да естерінен шығармай өмір 
сүрген: «Халалдың есебі, ал харамның азабы 
бар». 
Шүкіршілік иесі жомарт байлар мен сабырлы 
әрі ар-намысы бар кедейлер адамдық абырой бой-
ынша әрі иләһи ризалыққа жетуде тең. Сондай-
ақ, Исламда сараң әрі өркөкіректі байлар мен 
өтірікші кедейлер жек көрінішті болады. Хазірет 
Пайғамбар (с.а.у.): 
«Уа, Раббым! Кедейліктің және 
байлықтың фитнасынан, яғни жамандығынан саған 
сыйынамын»
(Мүслим, Зікір 44) 
- деп дұға ететін.
Аллаһ Тағала былай айтқан: 
«Егер шүкіршілік 
етсеңдер, сендерге берген игіліктерімді арттыра-
мын…»
(Ибраһим сүресі, 7-аят)

зекет – харам жолмен жиған байлықты 
адалға жатқызбайды
Зекеттің жиған малыңды адалға жатқызуы
оның көбеюіне сеп болуы тек адал еңбекпен тапқан 
байлыққа қатысты. Егер де мемлекет тонаудан, кісі 
затын иеленуден, парадан, сұғанақтықтан, адам-
дарды қанаудан, өсімқорлықтан, құмар ойнаудан 
және заңсыз түрде біреудің малын иелену сияқты 
харам жолмен жиналған болса, онда зекеттің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет