А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет65/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

2.Негізгі кезең 
«Қолғап» ертегісі 
Ертеде бір атай Күшігімен орманда келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп 
алыпты. Оны көрген Тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын», – 
депті. Одан кейін Бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», – депті. 
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, ал сен кімсің? – деп сұрапты. Бақа: Мен 
бақылдауық Бақамын. Мені кіргізші? – депті. Тышқан: «Кел», – депті. Сөйтіп, олар 
қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоян да жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына 
қолғапта қайсысың тұрасың?», – депті. Тышқан, Бақа: «Шиқылдауық Тышқанмын, 
бақылдауық Бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?» – деп сұрапты. Қоян: «Мен желаяқ 
қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?» – депті. Олар: «Кел» – депті. Сөйтіп олар үшеу 
болыпты. Одан кейін Түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»– депті. 
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің 
қай жануарсың?» – депті. Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де» – депті. Олар: 
«Жарайды, кел», – депті. Сөйтіп Қасқыр да келіпті: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», 
– депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен 
Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?» – депті. Қасқыр: «Ал мен Қасқыр ағаларыңмын
кіргізіңдерші мені де», – депті. Сөйтіп, қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. «Хро-хро-хро», – 
деп Қабан жүгіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», – депті. Олар: 
«Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен 
Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» – депті. Қабан: «Мен Қабанмын, мені де 
кіргізіңдерші», – депті. Олар: Сен мұнда қалай кіресің? – дейді. Қабан: «Мен кіре аламын, 
жіберсеңдер», – депті. Олар: «Жарайды, кіре ғой» – депті. Сөйтіп олар алтау болыпты. 
Оларға қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: Мына қолғапта 
қайсысың тұрасың?» – депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, 
желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Мен Қабанмын. Ал сен өзің қай 
жануарсың?» – депті. Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?» Олар: «Қалай 


73 
кіргіземіз, өзі іші тар болып тұрса?» Аю: «Қалай болса да сыйысамыз?» – депті. Олар: 
«Жарайды, кел жанымызға». Сөйтіп Аю да сыйып, жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, 
міне, жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап 
қалды. Сөйтіп қайта кері қарай жүрді, ал Күшігі болса алдыға қарай жүгіріп кетті. Жүгіріп 
келе жатып, қолғапты көрді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «Әуп-әуп-әуп»,– деп үрді. 
Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетті. Атай өз қолғабын 
көріп, алып кетті. (Балалар әр кейіпкердің рөлін сомдап, әр жануардың дауысын дұрыс 
салуға талпынады). 
Сұрақ-жауап: 
– Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында айтылған? 
– Ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың 
ішіне сыйыпты. Көрдіңдер ме? Біз де осындай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша 
бала болса, сонша біздің досымыз көп екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет