72
•
Енді
сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар.
Сыртқы
пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те
болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар
шаштарының жатуын өзгертіп,
сыртқы киімін,
сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері
керек.
•
Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол
өзгертулерді табыңыздар.
«Өзін-өзі бағалау»
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе,
өзін-өзі
бағалау дегеніміз - біз
оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету
үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
• Оқу үдерісінде не болып
жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін
қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу
қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
«Өзін таныстыру»
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме
айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек.
Қалған оқушылар оның сөздерін
жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол
шапалақтап және қуаттап отыруы керек.
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді
қатынасын орнату көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: