148
Тәттібай ауылы, Ынтымақ ауылы, Амансай (Калинин) ауылы,
Шақпақ станциясы.
Атамекен жеріміздегі тарихи топонимиялық атауларды
келер ұрпаққа мәңгілік мұра етіп қалдыру біздің басты
міндетіміз, ӛйткені ол ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы
жинап келген баға жетпес қазынасы. Ол туралы ғалым Мекемтас
Мырзахметов: «Әрбір халық туған жер, Атамекен жұртындағы
топонимикалық атауларды белгілі бір себептерге байланысты, не
тарихи оқиғаларға орай бір рет дүниеге әкеледі де оны ұрпағына
мәңгілікке ескерткіш ретінде қалдырады. Ол атаулар ұрпақ
ауысып, жаңа буын жас қауым ӛмірге келгенде, дәстүрлі
жалғастық тауып халықтың тарихи жадында таспен қашап
жазғандай мәңгі ӛмір сүре береді. Ал осы мәңгілік
топонимикалық қастерлі атау бұзылса, оған тӛлем жоқ, ол қайта
айналып келмейді, жоғалады» - деп жазған болатын.
Мән бермеппін жер атына бұрын мен,
Кездерім кӛп мән беруден сүрінген - деп ақын
Ж.Нәжімеденов жырлағандай ендігі жерде ұлан – байтақ
ӛлкеміздің
тарихи
тӛлқұжаты
болып
қалыптасқан
топонимикалық атаулар халықпен бірге мәңгі жасауы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: