138
Шаңлақты шайқасы туралы
қысқаша мәліметті жазушы
Мырзахан Ахметов «Жуалы» атты тарихи танымдық кітабында
келтірген:
«Қошқарата маңында қалмақтармен кӛп күндерге созылған
шайқаста қазақ жауынгерлерінің жеңісімен аяқталғаны белгілі.
Оған кейін Кантемировка атанып
кеткен Шаңлақты ауылының
ӛткені туралы халықтың аузындағы әңгімелер куә. Осы ұрыстың
әйгілі Куликово шайқасынан бірде – бір кем болмағаны сонша, ат
тұяғымен тапталған сол аймақта кӛп жылға дейін шӛп шықпай
қалған» (154бет).
Соғыстың сондай жойқын болғаны «Шаңлақты» - деген
атауынан – ақ кӛрініп тұр. Орыс кулагы Кантемировтың есімімен
аталып келген бұл жердің бұрынғы аты «Шаңлақты»
- деп
аталады екен. Бір ӛкініштісі осы Шаңлақты шайқасы туралы
ешқандай тарихи мәліметтер кездеспейді. Тек қана ел аузындағы
сақталып қалған ауызекі әңгімелер ғана бұл оқиғалар туралы там
– тұмдап қана хабар береді.
Жазушы Еркінбек Тұрысовтың: «Арада табандатқан алты
жыл тӛрт ай ӛткенде, кешегі «ақтабан шұбырандының»
азапты
жолында жанкешті ұрыс жүргізіп, ел жұртын біржола құрып
кетуден сақтан арыстанша айқасқан қазақ қосындары 1729 – шы
тауық жылының жазында ата жаумен алыса жүріп, бүгінде жау
табында қалған Балабӛген, Қошқаратадағы ата мекенінің шетіне
де жеткен» - деп жазуына қарағанда, бұл Шаңлақты шайқасы осы
Отан соғысында бетбұрыс жасалынған 1730 – шы
жылдардың
шамасында болған деп болжам жасаймыз.
Осы қанды шайқастың куәсі ретінде Шаңлақты оқиғасы
болған жерден осы уақытқа дейін кейбір қару – жарақтардың тат
басқан, сынған қалдықтары табылып жатады. Қошқарата
елдімекеніндегі Абай орта мектебінің ӛлкетану
мұражайында,
қалмақ және қазақ жауынгерлерінің сол жерден табылған
жебелері бар.
Достарыңызбен бөлісу: