4
археолог С.П.Толстов: «Қалалық ӛркениетті тек жер ӛңдеудің,
отырықшылықтың нәтижесі деп санау үлкен қателік» деп
тұжырым жасайды. Ортағасырлар кезеңінде Қазақстан жерінде
кӛптеген архитектуралық құрылыстары, гүлденген қалалары,
сарайлар мен мешіттері, шеберханалары т.с.с ғимараттары
болғандығы баршаға белгілі.
Оған дәлел Араб географы
Мұхаммед ибн Ахмед әл Макдисидің Испиджаб (Оңтүстік
Қазақстан) аймағы туралы жазған сапарнамасын мысалға
келтірсек жеткілікті: «Испиджаб аймағы Мәуереннаһрдың орта
тұсында орналасқан. Оның Қарлұқ, Жұмышлағу, Арусбаникет,
Бараб, Шабғар, Сауран, Тұрар, Зерах, Шағылжан, Баладж,
Берукет, Бұрұқ, Яғанкент, Азақкент, Дех, Нуджикет, Тамтадж,
Абарадж, Тараз, Балу, Жікіл, Барысхан, Атлах, Жамукат, Шелжі,
Кӛл, Сұс, Тақабкет, Дех Науи, Құлан, Мирки, Нушкет, Лакра,
Жамұқ, Урду, Науакет,
Баласағұн, Лабен, Шүй, Абалық,
Маданкет, Барсиан, Балық, Жарқан, Яқ, Яқалық, Рауанжам, Қатақ,
Шұр, Чашма, Діл, Ауас, Жаркент калалары бар. Ал бас қаласы —
Испиджаб.» (Толстов С.П Древний Хорезм. Москва, 1948)
Бағзы замандарда ӛмір сүріп, еңбек еткен, сарайлар мен
қалалар тұрғызған, ондаған тіпті одан да кӛне шежіресі бар ата -
бабаларымыздың ӛткен ӛмірінен белгі беретін ортағасырлық
қалашықтар, тарихи орындар біздің Жуалы ӛңірінде де
баршылық.
Ұлы Жібек жолының да біздің Қазақстан үшін үлкен
маңызы зор болған. Ол арқылы біз тарихымызды танимыз.
Алғашқы сауда бір жерде бар, екінші жерде жоқ; тұз, асыл тастар,
алтын, дәрілік ӛсімдіктер, хош иісті заттарды айырбастап ел мен
елді жалғастырған сауда жолдарының пайда болуына себепші
болған. Осылай пайда болған Жібек жолының жүйесі адам
денесіндегі тарамданған қан тамырлары сияқты Еуразиядағы
барлық мемлекеттер мен халықтарды бір - бірімен жалғастырып
тұрған.
Осы Жібек жолының сілемдері Жуалы жері арқылы да ӛткен,
соның әсерінен бірнеше ортағасырлық қалашықтар мен бекеттер,
керуен сарайлар пайда болған. Ұлы Жібек жолының негізгі
арнасына орналасқан қалалар мен керуен
бекеттері туралы Араб
5
географы Убейдаллах ибн Хордадбектің 846 - 847 жылдары
жазған сапарнамасынан Жуалы аймағына қатысты үзіндіні
мысалға келтірейік: «Тамтадждан (Түркібасы) Абарджаджға
(Мыңбұлақ) дейін 4 фарсах, одан ӛзеннің (Теріс) бойындағы
Баркуаб бекетіне дейін 6 фарсах одан 5 фарсахтағы Жувикетке
Шауғар (Қайрақтас тауына Қаратау) ӛтіп, одан Таразға дейін 3
фарсах жол жүреді» - деп жазған. Бұл деректерді шамалы
ӛзгешелігі болмаса X ғасырдың басында Кудама ибн Жафар да
қайталайды. Ал әл - Макдисидің 985 жылы жазған Ұлы Жібек
жолының жаңа тараулары аталған
шығармасында Абарджадж
«Баржах» деп кӛрсетілген. (Хордабек И. Книга путей и стран.
Баку, 1986.) (Kodama ibn Djafar. Kitab al-Kharadj. Ed.M.J. de
Goeje. Lugduni Batvorum. 1889.)
Әсіресе XIX - XX ғасырларда Қазақстанның ежелгі және
ортағасырлар тарихының жаңа ашылған парақтары сияқты Жуалы
ӛңірінің тарихы да Қазақ Ғылым Академиясының жанынан
құрылған археология бӛлімінің, онан соң Тарих, археология және
этнография институтының жанынан кұрылған Археологиялық
орталықтың, Тараз археологиялық экспедициясының зерттеу
жұмыстарының арқасында толыға түсті. Жуалы жеріндегі кӛне
қалашықтар мен бекеттер, қорған тӛбелер т.б тарихи орындарды
зерттеуде есімдері әйгілі кӛптеген археологтар қатысты.
В.А.Каллаур,
Г.И.Пацевич,
А.Н.Бернштам,
В.В.Бартольд,
К.М.Байпақов,
А.Досымбекова
сияқты
тарихшы
археологтардың арқасында біз кейбір ежелгі қалаларымыз
туралы жаңа деректер мен толымды мәліметтер алдық.
Қазіргі
кезде Б.Момышұлы ауылының оңтүстік жағындағы Кӛлтоған
қорғандарын археологиялық экспедиция зерттеу жұмыстарын
бастады.
Жазба жәдігерлеріміздің тым аздығы мен тарихи деректердің
жоқтығы ежелгі дәуірлер тарихын танып білуге үлкен
қиыншылық туғызатыны сӛзсіз. Дегенмен мұндай кезде бізге
археологияның кӛп кӛмегі тиіп жатады.
Ағылшын археологы Г.Чайлд археология ғылымына
«Телескоп астрономия саласына қанша пайда әкелсе, археология
да тарих кӛкжиегін соншалықты кеңейтті» - деп баға берген.
6
(Чайлд Г. Древнейший Восток в
свете новых раскопок.
Москва,
1956.)
Археология
ғылымының
арқасында
Отанымыздың, кең - байтақ даласына соның ішінде Жуалы
аймағының да сан алуан мәдениетін,
ата - бабаларымыздың
тамаша туындыларын танып білуге мүмкіндік алдық.
Бүгінгі кезде Жуалы жерінде оншақты қала жұрттары мен
бекеттер, 100 - ден астам қорған тӛбелер есепке алынған. Сондай -
ақ 15 шақты обалар қорымдары, тӛрт бекініс, тӛрт кизет
мұнарасы, үш белгісіз елді мекен орындары, алғашқы адам
қоныстары, кӛптеген жартастардағы петроглифтер табылған.
Біз Жуалы жеріндегі осы тарихи орындардың тарихын
жазған кезде Қытай, араб, парсы, ежелгі түркі,
орыс тілдерінде
жазылған географиялық және тарихи шығармалардағы,
дипломаттар мен саяхатшылардың, саудагерлердің қалдырып
кеткен
жазбалары,
сапарламаларындағы
материалдарға
сүйендік. Ең негізгісі әрі дәйекті дерек кӛздері - осы аймақтағы
ежелгі қалашықтар мен елді мекендердің, қорған тӛбелердің
орындарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: