141
Шыңбұлақ
Жуалы ауданындағы Жетітӛбе
ауылдық әкімшілігі округіне
қарасты елдімекен. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы
ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде тау баурайында
орналасқан.
Шыңбұлақ елдімекені 1993
жылға дейін Братск аталып
келген, кейін ӛзінің тарихи атауын қайта иемденді. Шыңбұлақ
елдімекенінің жанындағы таудан
бұлақтар ағып шығып Теріс
ӛзеніне қосылады.
Жердің бұлай аталуына келетін болсақ, ол
терең шатқалдар
арқылы ағатын бұлақтарға байланысты пайда болған атау.
Түркі тілінде чың сӛзі – «терең», «тік шатқал» деген ұғымды
береді. Яғни «Шыңбұлақ» - атауы «терең шатқалдағы бұлақ»
мағынасын беретін гидронимиялық атау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: