12 дәріс Ақуыз биосинтезі


 Белок түзілуінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата19.04.2023
өлшемі208,41 Kb.
#84287
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биохимия каз 12 лекция Белок биосинтезі

3. Белок түзілуінің реттелуі 
Француз ғалымдары Ф. Жакоб және Ж. Мононың пікірлері бойынша
әрбір жасушада атқаратын қызметі мен құрамына қарай кіретін ферменттерді 
реттеп отыратын механизмдер болады. Егер олай болмаса үзіліссіз түзілген 
белок жасушада жиналып, оған зиян келтірер еді. Бұл реттеуші қызметін 
атқаратын механизмді олар бактериялар клеткасынан 1961 жылы ашты. 
Олардың айтуынша бактерияның барлық гендері атқаратын міндеті жөнінен 
бірдей емес. Бір тобы – құрылымдық гендер, олар полипептидтік тізбектің 
түзілуіне хабар береді, ал басқалары – реттеуші гендер, олар құрылымдық 
гендердің қызметін бір «қосып», бір «өшіріп» реттейді. Реттеуші гендерге ген 
оператор мен ген регулятор жатады. Ген оператор құрылымдық гендермен 
тіркесіп орналасады. Ф. Жакоб пен Ж. Моно ген операторды өзі реттейтін 
құрылымдық гендердің тобымен бірге оперон деп атады. Опероннан бір 
молекула м-РНК-ға көшіріліп жазылады (3-сурет). 


3-сурет. Белок түзілуінің реттелуі (Ф. Жакоб және Ж. Моно 
бойынша) 
 
Оперон – транскрипцияның бірлігі. Реттеуші ген құрылымдық 
гендермен тікелей байланыста болмайды, тек қысым түсіруші белок 
(репрессор) арқылы әсер етеді. 
Жасушада түзілген белоктың мөлшері көбейсе, қысым түсіруші белок 
олармен байланысып қозады да, ген-оператормен байланысады. Осылайша 
оперонды «өшіреді». Ал, түзілетін белок мөлшері азайып кетсе, қысым 
түсіруші белок қозбайды. Бұл кезде оперон (ген оператор мен құрылымдық 
ген) қызметке қосылып белок синтезі басталады. 
4. Белок алмасуының патологиясы 
 
Белок алмасуы көптеген инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын 
аурулар кезінде бұзылады. Көбіне дұрыс құрылмаған рацион, сапасыз тамақ, 
азықтандыру тәртібін сақтамау белок алмасуының бұзылуына себепкер болып 
келеді.
Белок алмасуының бұзылуы әр түрлі формада білінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет