Байланысты: «сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті
Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталықтарынын қызметтері: Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір - бірімен байланысқан нерв
клеткаларының жинағынан құралған. Дегенмен мұндай нейрондар жинағынан
белгілі
бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға
болады. Ондай нейрондар тобын н е р в о р т а л ы қ т а р ы деп атайды. Яғни
белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв
орталықтары дейді.Нерв орталықтары - функциялық ұғым. Әрбір нерв
орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса,
соларға көмекші болатын нейрондар да бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының
қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв
орталықтарының өкілдері болады. Олар нерв орталығындағы негізгі
нейрондардың қызметін қазіргі, яғни тітіркендіргіш әсер етіп тұрған мезгілдегі
жағдайға байланыстырып, қисынын келтіреді. Дегенмен нерв орталықтары
туралы әңгіме болғанда сол орталықтардағы негізгі нейрондар тобының қызметі
жайында сөз болады. Мысалы, тыныс орталығын айтқанда сопақша мида
орналасқан тыныс алуды реттейтін негізгі нейрондар тобы жайында әңгімеленеді.
Бірақ негізінде тыныс алу сопақша мидың қатысуымен ғана емес, вароли
көпіріндегі пневмотаксис орталығы, жұлынның қозғаушы нейрондары және еркін
тыныс алу қимылдарын реттейтін ми қыртысының қатысуымен іске асады.
Нерв орталықтарының бірнеше қасиеттері бар: нерв орталықтары өзінің
қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады. Қажет болғанда ол өзінің бұрынғы
қызметін өзгертіп, жаңа қызметті атқаруға бейімделеді. Мұндай бейімделу ми
қыртысының компенсаторлық тетігіне байланысты. Мұнымен қатар, орталық
жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес нерв орталықтарында қозу тек бір ырғақта
ғана қозғалады, қозу тежеледі, нерв импульстері сублимацияланады (лат.
сублимация - кері ажырату), олардың қозғалу жылдамдығы төмендеп, ырғағы
өзгереді және әсер іздері байқалады, нерв орталығы шаршайды, мүшелердің
қызметі үйлесімдіріледі.