«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында 
кемшіліктер пайда болады. 
Қалқансерік бездерінің дамуы ұрықта басталады. Оның өсу барысында без 
клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, қанға құйыла бастайды. Бұл ұрықтың 
қаңқасындағы кальций түздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан 
кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы 
көбінесе осы бездердің қызметіне байланысты. 
Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрек үсті бездері - қос мүше. 
Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-
12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты 
қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады яғни 
қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең. 
Бұл - салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік 
үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып 


тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, 
арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құсып, жүрек-
қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің 
несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының 
өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады. 
Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар 
тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, 
айтарлықтай өзгеріссіз үзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты 
қүрайтын хромаффин клеткалар бүйрек үсті безінен басқа кейбір ірі қаң 
тамырларының бойыңда, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің 
ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың 
гормондары тәрізді әсер етеді. 
Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына 
жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің 
туындысына жатады. 
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) 
глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар. 
Г л ю к о к о р т и к о и д т а р бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының 
шашақты зонасында түзіледі. Бүл топқа өте белсенді гормон — кортизол, 
гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады. 
Кортизол мен кортизон молекуласының С
17
бөлігінде окси тобы 
болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат 
алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер жөне 
лимфа ұлпаларында бүл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни 
трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді. 
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет үлпасында, 
белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі 
азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Аталған 
әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды. 
Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май 
ыдырап, май қышқылдары бауырға өтеді. Бүл гормондар көмірсутегінің 
алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос - тәтті + нео 
жаңа + генезис - тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Сондықтан гипергликемия, 
тіпті глюкозурия (несепте қанттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бүл топтағы 
гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық 
мембраналардың глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше
глюкоза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады. 
Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін 
арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис - бірдеңеден босау, құтылу + 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет