Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары,
мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20
жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни
ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе,
соғүрлым тез өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен
құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді
сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа
дейін байқалады.
Б а қ а й ш а қ т а р бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады.
Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3
сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан
сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да
кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста
аяқталады.
Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан
күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі
сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып,
табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс
қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп,
кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер
етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты
бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаң аяқ жер басып
жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ
табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс
қалыптастырады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге
17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ
киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез
шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда
табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: