«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет29/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

 
Бақылау сұрақтары 
1. Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы 
секрециялық бездерден айырмашылығы неде? 
2. Гормон деген не, оның қасиеттері бар ма? 
3.Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай? 
4. Гипо- және гиперсекреция деген сөздердің мағынасы не? 
5. Гипофиз безінің қүрылысы, қызметі қаңдай? 
6. Аденогипофизде қандай гормондар өндіріледі және олардың бала 
организміне әсері қандай? 
7.Гипофиздің осу гормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты 
баланың өсуінің кемшіліктері. 
8. Эпифиз безі және оның қызметі. 
9. Қалқанша безінің гипо- және гиперсекрециясы. 
10. Эндемиялы зоб ауруы және оның алдын алу шаралары. 
11. Қалқансерік бездерінің бала организміне әсері қандай? 
12. Баланың айырлы безі, оның ішкі және сыртқы секрециялық қызметтерінің 
маңызы. 
13. Баланың бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсіп дамуы, оның 
гормондары, балағаәөсері. 
14.Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары және олардың бала 
организміне әсері. 
Лектор_______________________Сембаева Р.С. 
Оқытушы_____________________ Мейманбаева С.С. 
 
Ф.7.03-23 
 


2-дәрістің тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің мектеп жасындағы 
балалардың жасерекшеліктері және гигиенасы. 
Жоспар: 
1. Адам қаңқасы.
2. Бұлшықеттер түрлері ,бала организмінде дұрыс қалыптасуының 
маңызы.
3. Балаларға ерікті қимыл- қозғалыс әрекетін дұрыс үйрету және дамыту 
маңызы.
1. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау 
қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. 
Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық 
еттері жатады. 
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі 
қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы 
келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және 
оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол 
жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану 
қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, 
бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы 
кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір 
деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке 
бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске 
асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін. 
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек 
етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-
қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән 
морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен 
сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар 
қатысады. 
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, 
тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет