3.Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам
денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының
жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос
сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі
арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Ж а у ы р ы н - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен
бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс
тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі
бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20,
қыздарда 18 жаста қатады.
Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның
төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының
сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен
қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек
сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ
сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге
қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде
қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ
сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш
сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт
жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да,
ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.Т о қ п а н
ж і л і к немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері
қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты
болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей
қысқа болып қалады.Кәрі ж і л і к т і ң қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста
қыздарда аяқталады. Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады,
бойжеткендерде сәл ерте қатады. Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста
аяқталуға жақын болады. С а у
с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: