Байланысты: «сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті
Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен
қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс
белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қ о з ғ а л ы с б е л с е н д і л і гі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек
әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін
ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына
дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске
асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы
қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына
байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық
еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.Бұл көбінесе бала аз
қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып
кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда,
гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты
жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің
қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де,
олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс
белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн.
Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс
нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы
балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын
бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан
омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған
байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.