«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Баланың сүйектерінің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет35/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

Баланың сүйектерінің ерекшелігі. жалпы алғанда балалар мен жас 
өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан 
гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, ден 
саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып 
оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін 
қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт 
ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру 
ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда 
сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі. 
Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың 
құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы 
жылы тамақтану және далаға шығып ауа жүту талаптары бұзылғанда мешел 
ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс 
қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің 
ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол 
сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал 
заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамыңдағы кальций, 
фосфор түздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері 
терезенің шынысынан өтпейді, соңдықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс 
жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың 
киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.
Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі жаңа туған сәбидің бұлшық еттері 
толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22 %-ндай ғана (ересек адамда 


45-40 %) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-
бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі) 
Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең 
салалы ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер үлпасы, нервтер және 
тамырлары бар мүшелер деп есептейді. Сырт құрылысына қарасақ, бұлшық еттер 
сіңір басынан басталып, еттің денесі немесе айьшы сіңірмен аяқталады. Бұлшық 
еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты 
қалыптасады. Олар ұзын салалы, қысқа, жалпақ, ромба, квадрат, трапеция т.б. 
тәрізді болып келеді. Бұлшық еттің екі басы болса, оны ж а й қарапайым ет деп, 
үш немесе одан да көп бастары болса, күрделі ет деп атайды. Қозғалтатын 
буындардың санына байланысты еттерді бір буынды, қос буынды және көп 
буынды деп болуге болады. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, 
айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни 
топографиялық орнына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, қүрсақ, қол-аяқ еттеріне 
жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жүп еттер мен 2 сыңар ет бар.
Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты 
орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. 
Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп 
бүлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қ 
о з ғ ы ш т ы ғ ы немесе қозғыш қасиеті дейді, еттің қозғыштығы оның қызмет 
дәрежесін, яғни-жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының 
зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу 
жылдамдығы онша кеп емес, 5 м/сек шамасында.
Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің 
қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің 
талшықтарының санына және қалындығына байланысты. Еттің к ү ш і деп оның 
ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға 
қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше 
килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады, 
Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Дегенмен денедегі 
барлық бұлшық еттер бір мезетте жиыралса, олардың күші 25-27 тоннаға дейін 
барады, бірақ табиғи жағдайда бір мезгілде жиырылатын еттер саны анағұрлым аз 
болады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Олардың сыртын ф 
а с ц и я деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Бұлшық еттердің қан 
тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі 
тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы 
шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады. 
Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Олар еттің 
қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. 
Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ 
еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге 
байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Жыныстық 
жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың 
сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. 
Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер 


толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін 
байқалады. 
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің 
қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін х р о н а к с и я (лат.хронос-уақыт) 
деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы 
анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен с и г м а, яғни 
секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлғая келе 
хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің 
хронаксиясы 0,6-0,9 сигма, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек 
адамда 0,1 сигмаға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет