екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген
тағамды жегеңде оның
болмайтыны белгілі болды. В, витамині бидайдың қабығында, бұрыштарда,
бауыр, бүйрек, жүрек етінде көп болады.
Е
витамииі (токоферол). Токоферолдың а, р, ү турлері бар, бірақ атокоферол
ғана белсенді. Бұл витамин өте түрақты, қайнатқанда ыдырамайды, 170 °С
температурада бұзылмайды.
Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның
мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің
ұрық клеткасының өндірілуі
тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады.
Жыныс гормондары өнбейді, ересек ер адамдардың сыртқы жыныс белгілері
(сақал, мүрт) пайда болмайды. Егер әйелде Е авитаминоз болса, ол
бала көтеру
қабілетінен айрылады. Ондай әйелде ұрықтану болғанымен, ұрықтың өсу қарқыны
төмендейді де тіршілігін жоғалтып, түсік түседі. Жүкті әйелдің Е авитаминозы
павда болса, дүрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі
дамымайды.
Е авитаминозы болған кісілердің жолақ еттерінде гликоген аз жиналады,
натрий түзы көбейеді, ал калий, магний, фосфор тұздары азаяды. Ондағы миозин
мөлшерінің пішіні өзгеріп, кішірейеді, ет дистрофиясы байқалады.
Е витаминінің антиоксиданттық қасиеті бар, ол
клетка мембранасының
беріктігін қамтамасыз етеді. Токоферол А витаминімен, каротинмен арақатынаста
болып олардың қышқылдардың әсеріне төзімділігін арттырады.
Токоферол жануар жөне өсімдік текті азықтарда болады. Ол етте,
жұмыртқада, сүтте, сары майда, көкөністе, нанда, мақта майында көп болады.
Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада (бала
жолдасында), бауырда, бұлшық етте көбірек жиналады, сондықтан оның қоры
жыл мерзіміне байланысы жоқ. Е авитаминозы сирек кездеседі.Тәуліктік қажет
мөлшері 1 - 1,5 мг
Антивитаминдер — витаминге қарсы заттар.
Әр витаминнің өзіне
бейімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С
витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге - дезоксипиридин
қарсы әрекет жасайды.Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді,
ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді.
Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан
кейде "жалған" витамин ретінде әсер етеді. Олардың бүл
әрекеті витаминдердің
белсенділігі басым болғанда жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: