«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


-дәрістің тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің мектеп жасындағы оқушыларда



Pdf көрінісі
бет39/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

3-дәрістің тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің мектеп жасындағы оқушыларда 
болатын жас ерекшеліктері. 
Жоспар: 
1. Ас қорыту жүйесінің қызметі.
2. Балалардағы жас ерекшеліктері. 
3. Ферменттердің ас қорытуға әсері
1.Ауыз қуысы, ондағы мүшелер жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, 
ток ішек, бауыр, ұйқы безі, асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл
мүшелердің атқаратын қызыметі: асты шайнау, қорыту, ұсақтану, сору, сіңіру. Ас 
қорыту мүшесі бас, мойын, көкірек, құрсақ, жанбас бөліктері жатады. Адамның 
бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ өңештің біраз бөлігі 
орналасқан, ал қалған бөлігі көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, ол 
құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында ас ішек, бауыр, ұйқы безі, ол 
жамбас қуысында тік ішек орналасады.
Ауыз қуысы - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше stoma) 
осындай стомотология деген ұғым білдіреді. Ауыз қуысының қабырғалары 
сүйекті және бұлшық еттерінен құралған. Ауыз қуысының жоғарғы жағын 
таңдай, төменгі жағын тіл және жақ сүйек бұлшық еттері, екі бүйірінен ұрт 
бұлшықеттері, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ол 
арт жағынан жұтқыншақ қуысы немесе тамақ тесігі шектейді.
Ерін – шеңберлі ауыз бұлшық еттері ол астыңғы және үсті ерін болып 
бөлінеді. Қан тамыры өте жиі және беткі бөліктерін. Анық көрінетіндіктен ерін 
қызарып тұрады.
Ұрт- сырт жағы терімен, іш жағынан сір қабатпен қаптаулыц боллады.
Бұлардың аралығында ұрт бұлшық еттері орналасқан тері мен ұрт бұлшық еттер 
аралығында май заттары жиналады.
Таңдай – алдыңғы бөлігі қатты, ол артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.
Қатты таңдай – бас сүйектегі таңдай сүйек. Қатты таңдай қалың, тығыз, сір 
қабатпен қапталып, сүйек қабығына тұтасып кетеді.
Жұмсақ таңдай – бұлшық еттер негізінде түзіліп оны сір қабатпен қаптайды.
Жұмсақ таңдайдың ротаңғы бөлігінде салбырап көрінетін “кішкене тіл” және
артқы жағында “таңдай пердесі” болады. Адам жұтынған кезде жұмсақ 
таңдайдың бұлшық еттері жиырылып таңдай процесі жоғары көтеріледі де
жұтқыншаққа жабысып, жұтқыншақ пен мұрын жұтқыншақ арасын бөледі. Бұл
тамақ жентегі ауы қуысыныцң өңешке қарай өтеді.
Тіл – қимылдап тұратын бұлшық етті мүше. Тіл шайнаған кезде тамақты
қозғап дәм сезу немесе сөйлеу қызыметін атқарады. Тіл де 3 бөлікке бөлінеді.
1.Артқы бөлігі көмейге бекінген – тілдің түбірі.
2.Ортаңғы бөлігі – денесі. 
3.Алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы және жоғарғы бетінің тілді үсті деп атайды.
Тілдің үстіңгі бетін майда бүрлер немесе емізектер қаптайды. Емізектер 
тілдің үстінде және екі бүйірінде өте көп. Емізектер 4 түрге бөлінеді.
А) жіп тәрізді – бұл тілдің алдыңғы бөлігінде орналасқан. 
ә) Саңырау құлақ тәрізді - тілдің жиегінде орналасқан.
Б) Буылдық тәрізді- тіл бөлігінің аралығында орналасқан.


В)жапырақ тәрізді – тілдің айнала жиегінде орналасқан. Бұлардың 3 –і дәм 
сезу, жіп тәрізді - жалпы сезу қызыметін атқарады.
2. Сілекей бездер – майда және ірі бездер болып бөлінеді. Ірі бездердің өзі 3 
түрге бөлінеді.
1.Тіл асты сілекей безі –ауыз қуысы түбірінде, тілдің астында жатады.
Оның салыстырмалы 5 гр, сілекей жолдары тілдің астына және тілдің асты 
қатпарына майда тесіктер арқылы ашылады.
2.Алқым сілекей безі немесе жақ асты безі - майының жоғарғы ьбөлігінде
жақ асты шұңқырында, жақ тіл асты бұлшық еттерін қоршай орналасады.
Салмағы 15 гр без.
3.Шықшыт сілекей безі – ең ірі бездің салмағы 30гр пішіні үшбұрыш. Бұл 
құлақ қалқанының алдында тері астында, ұртқа қарай созылып жатады, ол
шайнау бұлшық еттерінің біраз бөлігін жауып тұрады. Бездің сыртынан қатты
шандыр қаптайды, ұзындығы 5-6 см. 
Ауыз қуысындағы үлкенді кішілі бездер қызметі барынша 3 топқа бөлінеді: 
1.Сір бездері (шықшыт) – сұйықтық бөледі.
2.Сілекей безі (таңдай тіл арты) таза сілекей бөледі. 
3.Аралас безі (ерін, ұрт, азу, тіл алды, тіл асты, жақ асты) аралас 
сұйықтықтар бөледі.Ауыз қуысының сілекей құрамында көмірсуларды 
ыдырататын амилаза ферменті бар. 
Тұрақты тіс 32 болады,оның жоғарғы жақ сүйекте16, төменгі жақ сүйекте16 
тіс орналасады. Тіс қатарында аттарына қарай 8-тіс олардың 2-і күрек, 2-сүйір, 2-
ші кіші азу, 3-ші үлкен азу тіс деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет