Көміртегіне деген сұраныс тәулігіне 1—3 жаста — 157 г, 7— 11 жаста —
297 г, 15—18 жаста — 470 г. Бұл ересектің нормасына (500 г) жакын. Орта
есеппен дене салмағының 1 килограмына 10—15 гр келеді.Төменгі класс
оқушыларының қанындағы глюкозаның мөлшері — 0,8—01%, яғни ересек
адамның нормасына тең дерлік.Бірақ астағы қанттың аса
мол болуы оның қандағы
құрамын
50—70, тіпті 100% дейін көбейтеді. Бұл алиментарлық (тағамдық) молаю немесе
гликемия деп аталады. Бұлардың сәбилерге онша зияны жоқ. Себебі оларда
көміртегі алмасуы жоғары болып келеді.
Ересектердегі 0,15—0,16% көлеміндегі гликемия глюкозоурия туындатып,
несепте қанның пайда болуына әкеліп соғады.
Бөлшектенбеген және ащы ішекке сіңбеген қанттың біраз бөлігі тоқ ішекке
өтеді де, онда ол аши бастайды, Мұндай жағдайда ашу көміртегінін қосындысына
байланысты: егер онда екі түрлі көміртегі болса (мысалы сүт пен қызылша қанты
немесе картоп крахмалы мен қара бидай көміртегі) онда ашу процесі баяулайды,
Мұны балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде есте ұстау керек.
Балалар (оның ішінде-мектеп оқушылары да) тамақпен бірге тек кана жеңіл
сіңірілетін көміртегінің: глюкоза,
қант крахмалды ғана емес, сонымен бірге
бөлшектенбейтін — клетчатканы да алуға тиіс. Егер алғашқылар энергия көзі
ретінде қажет болса, клетчатка ішектің жиырылып-созылуын күшейтуші ретінде
қажет.
Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар
Су алмасу. Су мен минералды заттар (тұздар, қышқылдар, сілтілер) энергия
көзі болып табылмайды. Өзара тығыз байланысқан
олар организмде өтетін
көптеген физиологиялық процестерде ерекше орын алады. Су барлық химиялық
өзгерістер өтетін орта болып табылады. Қан мен тканьдер сұйықтығының
осмотикалық қысымын ұстап тұруда судың (электролиттердің құрамдас бөлігі
ретінде) ролі өте зор.
Сонымен бірге су мен онда еріген минерал тұздар тканьдерді өсу процесінде
заттарды синтездеуге белсене қатысады.
Судың негізгі мөлшері организмдегі клеткалардың ішінде, ішінара —
клеткааралық кеңістікте және қан плазмасында болады.
Клетка ішіндегі су мен
клетка сыртындағы судың ара-қатынасы 3:1 құрайды. Төменгі класс оқушысы
организмінің суға деген сұранысы салмағының 1 кг-на — 50—60 мл-ден ке леді,
яғни жалпы 1350—1400 мл. Орта есеппен мектеп жасында бұл цифр 1600—1700
мл дейін ұлғаяды да ересектер нормасына сәйкестенеді. Мұның үстіне дененің
салмағы
мен
жыныстың
да
маңызы бар (ұлдардың суға деген сұранысы қыздарға карағанда жоғары).
Организмге түскен су тері астындағы май кабатында, бұлшық еттерде және
бауырда — яғни, организмнің су «деполарында» сақталады. Бауыр суды қандағы
су деңгейін реттеп отыратын лимфатикалық жүйеге аударады. Организмнің суға
деген сұранысы тамаққа байланысты. Қабылданған судың мөлшері артқан сайын
оны бүйректің, терінің, тыныс алу кезінде өкпенің шығаруы жоғарылайды.
Жоғары калориялы ас және ауа температурасының көтерілуі де тері мен өкпе
арқылы суды шығаруды көбейтеді.
Суды аз мөлшерде қабылдау организмдегі клеткааралық алмасуды бұзады,
терінің түрі мен көзге көрінетін кілегейлі қабықшалардың түсін өзгертеді, баланы
тез шаршатып, шөліркетеді.Су алмасу гипоталамус (аралық ми),
эндокринді
бездер (гипофиз, бүйрек үсті безі) және түтікше капиллярлар жүйесі арқылы
реттеледі, олардың жұмысын ми қабығының үлкен жарты шаралары үйлестіріп
отырады.
Организмдердегі тұздардың мөлшері, олардың түзілуі және шығарылуы
тамақпен бірге пайдалануға ғана емес, сондай-ақ
олардың судағы құрамына да
байланысты. Организмдегі минералды тұздардың тепе-теңдігіне балалардың жасы
мен жеке баcының жылдың әр мезгіліндегі ерекшеліктері де әсер етеді.Организм
үшін химиялық элементтердің (фосфор, күкірт, хлор, калий, натрий, магний),
микроэлементтердің кобальт, йод, бром, фтор, никель, марганец және басқалар),
сондай-ақ организмге аспен бірге енетін витаминдердің де маңызы аса зор.
Достарыңызбен бөлісу: