3. таблеткалардың құрамына терапевтік мәні жоқ, кейде кейбір жанама әсерлері бар
қоспалар қосылуы мүмкін;
4. жеке препараттар ерітінді аймағында жоғары концентрацияланған ерітінділер
түзеді, олар шырышты қабықтың қатты тітіркенуін тудыруы мүмкін;
5.
барлық науқастар, әсіресе балалар, таблеткаларды еркін жұта алмайды.
Таблеткалардың классификациясы.
Өндіру әдісі бойынша:
1) Престеу – таблеткалы машиналарда жоғары қысымда алады;
2) Тритурациялық – ылғалды массаларды арнайы формаларға жағу арқылы формалау,
форманы кептіру;
Қолдану бойынша:
1) Пероральдық – ішке қабылданады, асқазанда немесе ішекте сіңіріледі. Бұл
таблеткалардың негізгі тобы;
2) Сублингвальдық – ауызда сіңіріледі, дәрілік заттар ауыздың шырышында
сініріледі;
3) Имплантациялық – тері немесе бұлшық ет астына имплантациялайды (тігеді), ұзақ
емдік әсерді қамтамасыз етеді;
4) Инъекциялық ерітінділерді экстемпоральдық дайындау үшін таблеткалар;
5) Шаю, спринцевалау және басқа ерітінділерді дайындау үшін таблеткалар;
6) Арнайы тағайындалған таблеткалар - уретральдық, вагиналық және ректальдық.
Достарыңызбен бөлісу: