Химиялық көрсеткіштерге: ыдырауы, ерігіштігі, химиялық құрамының тұрақтылығы,
дәрілік заттың белсенділігі, таблеткалардың жарамдылық мерзімі, сақтау кезіндегі
тұрақтылығы және т.б. жатады.
Сапаның бактериологиялық көрсеткіштеріне мыналар жатады: таблеткалардың
микроорганизмдермен, споралармен және патогенді емес сипаттағы бактериялармен
құрамы белгіленген мөлшерден аспайтын ластануы.
14.Дәрілік заттарды микрокапсулалау. Сипаттамасы, микрокапсулаларды алу
әдістері.
Микрокапсулалау-микроскопиялық қатты ,сұйық немесе газ тәрізді заттарды сыртқы
ортадан оқшаулайтын жеке қаптамаға қабыққа салу процесі. Микрокапсулалар мөлшері
көюінесе бірден бес жүз мкмге дейін жетеді. Микрокапсулалардың құрамына енетін,
белсенді немесе негізгі зат деп аталатын капсулаланған зат микрокапсулалардың өзегін
құрайды, ал капсула беретін зат қабықтың материалы болады. Қабықтар бір немесе
бірнеше заттардың бөлшектерін бір-бірінен және сыртқы ортадан қолдануға дейін бөлу
қызметін атқарады. Микрокапсулалардың негізгі құрамдас бөлігі - капсулаланған зат
агрегаттаудың кез келген күйде - сұйық, қатты немесе газ тәрізді болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: