Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85281
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Птл теория Д рілік алыптар. Жіктелуі. Д рілік алыптар а ойыла



ПТЛ теория 
 
1.Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар 
және оларды қамтамасыз ету әдістері. 
 
Дәрілік қалыптар – дәрілік препараттың оны енгізу мен қолдану тәсілдеріне сәйкес 
келетін және қажетті емдік әсерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жай күйі. 
Дәрілік қалып – дәрілік затқа немесе дәрілік өсімдік шикізатына қолдануға қажетті
емдік әсерге қол жеткізу үшін берілетін ыңғайлы жағдай. 
Дәрілік қалыптарды жіктеудің келесі топтарын анықтауға болады: 
1) Дәрілік қалыптардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі; 
2) Қолдану тәсіліне немесе мөлшерлеу (дозалау) әдісіне байланысты дәрілік 
қалыптың жіктелуі; 
3) Ағзаға енгізу тәсіліне байланысты дәрілік қалыптың жіктелуі. 
Дәрілік қалыптардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі 
1) Қатты 
2) Жұмсақ 
3) Сұйық 
4) Газ тәріздес 
Қолдану тәсіліне немесе мөлшерлеу (дозалау) әдісіне байланысты дәрілік қалыптың 
жіктелуі 
1) Тамшылар 
2) Микстуралар 
3) Таблеткалар 
4) Басқыштар (примочки) 
5) Припаркалар 
6) Жуу 
7) Опалар (пудры) 
8) Сеппелер (присыпки) 
9) Шаю 
Ағзаға енгізу тәсіліне байланысты дәрілік қалыптың жіктелуі 
1) Энтеральды 
2) Парентеральды 
Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету 
әдістері 

Емдік мақсатқа сәйкестігі, дәрілік заттың осы дәрілік нысандағы биожетімділігі 
және тиісті фармакокинетикасы. 

Дәрілік заттардың қосалқы ингредиенттердің массасында таралуының біркелкілігі 
және мөлшерлеу дәлдігі. 

Жарамдылық мерзімі уақытында тұрақтылық. 

Микробтық контаминация нормаларына сәйкестігі, қабылдау ыңғайлылығы, 
жағымсыз дәмді корригирлеу мүмкіндігі, жинақылығы. 

МФ немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген спецификалық талаптарға 
сәйкестігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет