Жақпа майлар – теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ, әр текті дәрілік
түрлер.
Жақпа майлар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге
қабілетті, тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, өзінің агрегаттық күйі
бойынша жақпа майлар сұйықтықтар мен қатты денелер арасынан орын алатын
пластикалық немесе тұтқыр денелер болып табылады.
Дисперсологиялық жіктеу бойынша жақпа майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті
ортасы бар жүйеге жатады.
Жақпа майлар әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі.
1) белгіленуі бойынша;
2) қолданылатын жері бойынша;
3) дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша
(технологиялық).
Белгіленуі бойынша жақпа майлардың жіктелуі:
1
Қорғаныс жақпа майлар. Оларды профилактикалық мақсатта теріге және кілегейлі
қабаттарға жағу үшін, теріні улы заттардың, органикалық еріткіштердің,
микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданылады. Қорғаныс жақпа майларды
мамандық зияндылығы бар әр түрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор.
2.
Достарыңызбен бөлісу: