Ең алдымен біз сығындыларға анықтама берсек: Сығындылар- дәрілік өсімдіктекті шикізаттан алынған концентрленген сүзінді. Консистенциясына байланысты сығындылар : құрғақ және қою деп ажыратылады. Келесі қайнатпалар мен тұнбалар – дәрілік өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінен алынған
мулы сығындылар болып табылады. Қайнатпалар тұнбалар, қайнатқыштардың алудың 2
тәсілі бар: мацерация және перколяция.
Мацерация әдісіне келетін болсақ. Қажет болған жағдайда экстрагирленетін
шикізаттымызды белгілі бір өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтап, еріткіштің бөлігімен
мұқият араластырып және жабық экстракторда қажетті уақытта мацерациялаймыз.
Қалдық сығындыдан бөлініп шығып, қажет болған жағдайда сығылады. Соңғы жағдайда
екі сұйықтық біріктіріледі. Қажетті консистенцияға дейін жинақтап тиісті әдістерді
қолдана отырып, әдетте азайтылған қысым астында және компоненттердің бұзылуы
минимумға түсетін температураны пайдалана отырып жүргізуімізге болады. Экстрактідегі
қалдық еріткіштердің құрамы көрсетілген шектерден аспауы тиіс. Құрамдық бөліктерді
ұстаудан белгілі бір мөлшерге дейін құрамды реттеуді тиісті қосалқы материалды немесе
өзге де сығынды пайдалана отырып жүргізуімізге болады. Осы препаратты дайындау
кезінде қолданылатын әдіске өсімдік немесе жануар материалынан алынған
концентрациялар қолдануымыз қажет .
Перколяция әдісін жалғастырсақ- экстрагентте еритін заттарды алу мақсатында өсімдік
материалы арқылы экстрагентті сүзу болып табылады. Процесс әртүрлі сыйымдылықтағы
перколяторда жүргізіледі. Перколяция әдісі 3 кезеңнен тұрады: жібіту, тұндыру,
перколяциялау.
Жібіту перколятордан тыс жүргізіледі. Ол үшін көбінесе жібіген шикізатты алуға
ыңғайлы мацерационды бактар қолданылады. Жібіту үшін шикізат массасына 50-100%
қатынаста экстрагент қолданады. Шикізатты араластырған соң 4-5 сағатқа бетін жауып
қалдырып қояды. Бұл уақытта шикізат жібіп, көлемі ұлғаяды.
Тұндыру. Жібіген материалды перколятор түбіне шикізатта ауа қалып қоймайтындай етіп
тығыздап салады. Үстінен фильтрлейтін материалмен жауып, ауаны ығыстыру үшін
перфорирленген дискпен жауып тұрып экстрагент құяды. Перколятордың барлық көлемін
толтырып тұратын фильтрленген материалдан жасалған қапқа салады. Қаптың жоғарғы
бөлігін байлап тиеуге жібереді. Шикізаттың үстіне экстрагентті биіктігі 30-40 мм жоғары
болатындай етіп құяды. Тұндыру 24-48 сағат жүргізіледі.
Перколяциялау - экстрагенттің шикізат қабаттары арқылы үздіксіз өтуі. Перколятты алу
немесе бірдей уақытта экстрагентті жіберу 1 сағат ішінде 1/24 немесе 1/48 аспайтын
жылдамдықпен жүргізіледі. Перколяцияның жылдамдығы экстракцияланатын заттардың
диффузиясы орын алатындай болуы керек. Тұнбаларды алу кезінде перколяциялау
басында салынған шикізат массасының 5 немесе 10 көлемін алумен аяқталады.