Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар


 Суспензиялар дәрілік қалыптар ретінде. Гидрофилді және гидрофобты заттардан



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Птл теория Д рілік алыптар. Жіктелуі. Д рілік алыптар а ойыла

 
4. Суспензиялар дәрілік қалыптар ретінде. Гидрофилді және гидрофобты заттардан 
дайындалатын суспензиялар ерекшеліктері. Суспензиялар сапасын бағалаудың 
негізгі критерийлері және олардың технологиясын жетілдіру бағытттары. 
Суспензия – сұйық дисперстік ортада қатты бөлшектер таралған сұйық дәрілік түр. 
Негізінен дәріханада дайын күйінде шығарылады, бірақ ұнтақ түрінде босатылып, су 


немесе басқа сұйықтықпен араластырылып жасалатын түрлері де бар. Ішке, сыртқа 
қабылдайтын және парэнтеральді деп бөлінеді. Суспензиялардың дәрілік түр ретінде 
бірқатар артықшылықтары бар:олар тез терапевтік әсер көрсетеді, ұзақ әсер етеді, ағзадан 
тез шығарылады. Кемшіліктері: дайындау технологиясы қиын, улы және күшті әсер ететін 
заттарды қосу мүмкіндігі жоқ, салыстырмалы түрде тұрақсыз, сақтау мерзімі аз. 
Суспензия түзетін заттар гидрофилді және гидрофобты болады. Гидрофилді заттарға 
тальк, магний тотығы,мырыш тотығы т.б. жатқызамыз. Гидрофобты заттар тізіміне 
ментол, камфора, тимол кіреді. Тұрақты суспензияны гидрофилді заттар көмегімен 
аламыз. Ал гидрофобты заттардан флокуляция, яғни бөлшектердің бір-біріне жабысып, 
үлпек болып, суға тұнуын немесе су бетіне шығуын көреміз. Сондықтан, гидрофобты 
заттардан дайындалатын суспензияларға тұрақтандырғыш қосу қажет. 
Суспензиялардың сапасын бағалау басқа дәрілік түрлермен бірдей критерийлермен 
жүзеге асырылады. Бірақ одан бөлек суспензияларға қатысты параметрлер бар: 
бөлшектердің біркелкілігі және ресуспендирленуі. Бөлшектердің біркелкілігі 
микроскоппен анықталады. Ресуспендирлену- суспензияны қатты шайқағаннан кейін, 
бөлшектердің біркелкі таралуы.
Суспензиялардың технологиясын жетілдіруде «құрғақ суспензиялардың» маңызы зор, 
олардың тасымалдануы жеңіл, сақтау ұзақтығы да жеткілікті болады. Сондай-ақ, 
дайындау процесінде қол еңбегін азайту, жаңа стабилизаторлар енгізу, сапасын арттыру 
суспензиялардың дәрілік түр ретінде дамуына үлес қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет