Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата
редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
175. Агрегаттық күйі бойынша радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты
болып бөлінеді. Сұйық және қатты радиоактивті
қалдықтармен жұмыс жасау
жүйесі оларды жинауды, залалсыздандыруды, қайта өңдеуді, сақтау және (немесе)
көмуді, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қамтиды.
176. Радиоактивті қалдықтарды объектіден мамандандырылған ұйымға
өңдеуге, ұзақ уақыт сақтауға және (немесе) көмуге беру арнайы қаптамаларда
(контейнерлерде) жүргізіледі.
Қаптаманың (контейнердің) беттеріндегі радиоактивті ластану деңгейлері
Гигиеналық нормативте келтірілген мәндерден аспауы тиіс.
177. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды
мамандандырылған ұйымдар
арнайы жабдықталған көлік құралдарында жүргізіледі.
178. Радиоактивті қалдықтарды көму орындарын таңдау гидрогеологиялық,
геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескере
отырып, жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, ұзақ мерзімді болжауды ескере отырып,
қалдықтарды оқшаулаудың бүкіл мерзімі ішінде халықтың және қоршаған
ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
179. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын қызмет
процесінде
жеке немесе заңды тұлғадарда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін осы объектінің
басшысы бекітетін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу схемасы болады.
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу схемасында мынадай негізгі
мәселелер көрсетіледі:
1) сұйық және қатты қалдықтарды олар пайда болатын орындарда тікелей
жинауды ұйымдастыру;
2) қалдықтарды есепке алу және оларды уақытша сақтауға қойылатын
талаптар;
3) қалдықтарды ұйым
ішінде тасымалдау бағыттары;
4) радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау үшін пайдаланатын ұйымға
тиесілі жинау контейнерлерін дезактивациялау;
5) құрамында қысқа өмір сүретін радионуклидтері бар радиоактивті
қалдықтарды ұстау және жою;
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
6) пайдаланылған көздерді сақтаудың нақты орны, эквивалентті доза қуаты
және қалдық белсенділігі, сондай-ақ қалдықтарды
көмуге беруге дайындау
уақыты (басталуы мен аяқталуы) көрсетіледі;
7) радиоактивті қалдықтармен жұмыс кезінде радиациялық бақылауды
ұйымдастыру;
8) авария, инцидент пайда болған жағдайда жұмысты ұйымдастыру;
9) қысқа өмір сүретін радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау шарттары
мен мерзімдері;
10) радиоактивті қалдықтардың көлемі, мерзімдері
және уақытша сақтау
шарттары.
180. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде
халықтың сәулеленуінің тиімді дозасы жылына 10 мкЗ-дан аспауы тиіс.
181. Жауапты адам жұмыс істеу процесінде пайда болатын радиоактивті
қалдықтарды жиналуын, уақытша сақталуын және жоюға дайындалуын жүйелі
түрде бақылауды және есепке алуды жүргізеді. Көрсетілген мәліметтер
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларында көрсетілген нысан бойынша қатты және
сұйық радиоактивті қалдықтарды есепке алу журналына енгізіледі.
182. Радиациялық объектінің әкімшілігі тағайындайтын комиссия жылына
бір рет мамандандырылған
ұйымның көмуге тапсырған, сондай-ақ радиациялық
объектіде орналасқан радиоактивті қалдықтардың санын есепке алудың дұрыс
жүргізілуін тексереді.
Көмуге (сақтауға) тапсырылатын радиоактивті қалдықтардың партиясына
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларында көрсетілген нысан бойынша
паспорттарды ресімдегеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жеке немесе заңды
тұлғалар аумақтық бөлімшелерге паспорттардың көшірмесін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: