Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк
нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
арналған үй-жайлар, тері жабыны мен арнайы киімді радиометрлік бақылау
пункті, ластанған арнайы киім қоймасы, таза арнайы киім қоймасы, дәретхана
бөлмелері кіреді.
Санитариялық өткізгіште ауыз су режимін қамтамасыз ету қажет.
155. Санитариялық өткізгіштің жоспарлануы
персоналдың жеке және
арнайы киім ағындарының қиылысу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Еркін қол
жеткізу аймағының үй-жайларынан санитариялық өткізгішке соқпай бақыланатын
қол жеткізу аймағының үй-жайларына өту мүмкіндігі болмауы тиіс.
156. Стационарлық санитариялық шлюздер жұмыс үй-жайларының екінші
және үшінші аймақтарының арасында орналастырылады. Жүргізілетін жұмыстар
көлеміне және сипатына байланысты санитариялық шлюздерде мыналар
көзделеді:
1) қосымша жеке қорғаныш
құралдарын ауыстырып киюге, сақтауға және
белсенділігін алдын ала жоюға арналған орындар;
2) қол жуғыштар;
3) радиациялық бақылау орны.
Стационарлық санитариялық шлюздерден басқа тікелей жөндеу жұмыстары
жүргізілетін үй-жайдың кіреберісінде орнатылатын тасымалы санитариялық
шлюздерді қолдануға жол беріледі.
157. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың еденінің,
қабырғалары мен
төбелерінің, сондай-ақ шкаф беттерінің ылғалға төзімді, радиоактивті заттарды
сіңіргіштігі төмен және жеңіл тазартылатын және белсендігі жойылатын
жабындары болады.
158. Киім ілетін орындағы үй және жұмыс киімін сақтауға арналған
орындар саны ауысымда тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдардың ең
жоғары санына сәйкес болады.
159. Ластанған арнайы киімге арналған
қойманы орналастыру жууға
жіберілетін киімді таза үй-жайларға соқпай көшеге шығару арқылы жабық
тасымалдануды қамтамасыз етеді. Қойма радиометрлік бақылау орындары мен
ластанған арнайы киімді ілетін орынға жақын орналастырылады.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Арнайы киімді сұрыптау оның түрі мен радиоактивті ластану дәрежесі
бойынша жүргізіледі. Ластанған арнайы киім ілетін орыннан қоймаға буып-
түйілген күйде кейін арнайы жуу орнына тапсыру үшін беріледі.
160. Жеке қорғаныш құралдарын (алжапқыштар, көзілдіріктер,
респираторлар, қосымша аяқ киім) сақтауға және беруге арналған үй-жайлар таза
аймақта, таза арнайы киім ілетін орын мен жұмыс үй-жайларының ортасында
орналастырылады.
Санитариялық өткізгіштердің «таза» және «лас»
аймақтарын тазлауға
арналған жинау мүкаммалы арнайы үй-жайларда (қоймаларда) немесе арнайы
шкафтарда бөлек сақталады.
161. Тері жабындарын радиометрлік бақылау пункті себезгі бөлмесі мен үй
киімін ілетін орынның арасында орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: