5-параграф. Ашық сәулелену көздерімен (радиоактивті заттармен) жұмыс
істеу шарттарына қойылатын талаптар
102. Радионуклидтер ішкі сәулеленудің әлеуетті көздері ретінде ЕАМБ-ға
байланысты радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді:
1) А тобы – МАБ 10 Бк радионуклидтер;
2) Б тобы – МАБ10 Бк және 10 Бк радионуклидтер;
3) В тобы – МАБ 10 Бк және 10 Бк радионуклидтер;
4) Г тобы – МАБ 10 Бк және одан артық радионуклидтер.
Радионуклидтің радиациялық қауіптілік тобына тиістілігі Гигиеналық
нормативтерде келтірілген МАБ сәйкес белгіленеді. Осы қосымшада
келтірілмеген, жартылай ыдырау кезеңі кемінде 24 сағат қысқа мерзімдік
радионуклидтер Г тобына жатады.
103. Ашық сәулелену көздері қолданылатын барлық жұмыстар үш класқа
бөлінеді. Ашық сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыстар класы оның МАҮБ
радионуклидтің меншікті белсенділігі асқан жағдайда радионуклидтің
радиациялық қауіптілік тобына және оның жұмыс орнындағы белсенділігіне
3
4
5
6
7
8
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
байланысты Гигиеналық нормативке сәйкес белгіленеді. Сұйықтықтармен
қарапайым операциялар жүргізу кезінде (булаусыз, айдаусыз, барботажсыз және
басқа да) жұмыс орнында радионуклидтердің белсенділігін 10 есе ұлғайтуға
рұқсат етіледі. Генераторлардан медициналық мақсаттағы қысқа мерзімдік
радионуклидтерді өндіру (элюирлеу) және өлшеп орау бойынша қарапайым
операциялар кезінде радионуклидтердің белсенділігін жұмыс орнында 20 есе
ұлғайтуға жол беріледі. Жұмыстар класы еншілес радионуклидтің бір мезгілде
барынша шайылатын (элюирленетін) белсенділігі бойынша анықталады. Уран
және оның қосындыларын қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін жұмыс класы өндіріс
сипатына байланысты анықталады және арнайы ережелермен регламенттеледі.
Ашық сәулелену көзін сақтау кезінде радионуклидтердің белсенділігін 100 есе
ұлғайтуға рұқсат етіледі.
104. Жұмыс орнында радиациялық қауіптілік топтары әртүрлі
радионуклидтер болған жағдайда, олардың белсенділігі радиациялық
қауіптіліктің «А» тобына мынадай формула бойынша келтіріледі:
мұнда
– А тобының белсенділігіне келтірілген жиынтық белсенділік, (Бк);
C
– жұмыс орнында орналасқан, А тобы радионуклидтерінің жиынтық
C
белсенділігі, (Бк);
– А тобы үшін маңыздылығы ең аз белсенділік, (Бк); –
МЗА
C
А тобына жатпайтын, жекелеген радионуклидтердің белсенділігі, (Бк);
–
i
МЗА
жекелеген радионуклидтердің маңыздылығы ең аз белсенділігі, (Бк).
i
105. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды
орналастыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар жұмыстар класымен
айқындалады.
106. Ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қалыпты пайдалану
кезінде, сондай-ақ радиациялық авариялар салдарларын жою кезінде де
персоналды ішкі және сыртқы сәулеленуден қорғау, жұмыс үй-жайлары
ауасының және беттерінің, персоналдың тері жабыны мен киімінің, сондай-ақ
қоршаған орта объектілерінің (ауаның, топырақтың, өсімдіктердің) ластануына
шектеу қамтамасыз етіледі.
107. Радионуклидтердің жұмыс үй-жайлары мен қоршаған ортаға түсуін
шектеу статикалық (үй-жайлар жабдығы, қабырғалары мен жабындары) және
э
A
А
i
i
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
динамикалық (желдету және газ тазарту) тосқауылдар жүйесін пайдалану арқылы
қамтамасыз етіледі.
108. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін радиациялық
объектілерде әр жұмыстар класына арналған үй-жайларды бір жерге жинақтау
керек. Радиациялық объектілерде барлық үш класс бойынша жұмыстар
жүргізілген жағдайда үй-жайлар оларда жүргізілетін жұмыстар класына сәйкес
бөлінеді.
109. Белсенділігі МАБ мәндерден төмен ашық сәулелену көздерімен
жұмыстарды радиациялық қауіпсіздік бойынша қосымша талаптар қойылмайтын
өндірістік үй-жайларда жүргізуге жол беріледі.
110. ІІІ кластың жұмыстары химиялық зертханаларға қойылатын талаптарға
сәйкес жеке үй-жайларда жүргізіледі. Осы үй-жайлардың құрамында ішке сору-
сыртқа тарату желдеткіші және себезгі құрылғысы көзделеді. Ауаның
радиоактивті ластану мүмкіндігіне байланысты жұмыстар (ұнтақпен операциялар,
ерітінділерді булау, эманациялаушы және ұшпа және басқа заттармен жұмыс
істеу) сыртқа тарату шкафтарында жүргізіледі. Үй-жайлардың жоғарғы беттері
тегіс, зақымданбаған, жуып-тазалауға және дезактивациялауға рұқсат беруі тиіс.
111. ІІ класс жұмыстары ғимараттың жеке бөлігінде құрастырылған басқа
үй-жайлардан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі. Бір ұйымда біртұтас
технологияға байланысты ІІ және ІІІ класс жұмыстары жүргізілген жағдайда ІІ
класс жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған үй-жайлардың
ортақ блогын бөлуге жол беріледі.
Жоспарлау кезінде персонал тұрақты және уақытша болатын үй-жайлар
бөлінеді.
Бұл үй-жайлардың құрамында санитариялық өткізгіш немесе санитариялық
шлюз көзделеді. ІІ класс жұмыстарына арналған үй-жайлар сыртқа тарату
шкафтарымен немесе бокстармен жабдықталады.
112. І класс жұмыстары жеке ғимаратта немесе ғимараттың тек
санитариялық өткізгіші арқылы жеке есігі бар оқшауланған бір бөлігінде
жүргізіледі. Жұмыс үй-жайлары бокстармен, камералармен, каньондармен немесе
басқа да тұмшаланған жабдықпен жабдықталады. Үй-жайлар үш аймаққа бөлінеді:
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1) бірінші аймақ – сәулелену және радиоактивті ластанудың негізгі көздері
болып табылатын технологиялық жабдық пен байланыстар орналастырылатын
қызмет көрсетілмейтін үй-жайлар. Технологиялық жабдық жұмыс істеп тұрған
кезде персоналдың қызмет көрсетілмейтін үй-жайларда болуына жол берілмейді;
2) екінші аймақ – жабдықты жөндеуге, технологиялық жабдықты ашуға
байланысты басқа жұмыстарға арналған, радиоактивті материалдарды тиеу және
түсіру, шикізат, дайын өнім мен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау
тораптарын орналастыруға арналған жүйелі түрде қызмет көрсетілетін үй-жайлар;
3) үшінші аймақ – персонал барлық ауысым бойына тұрақты болатын үй-
жайлар (оператор отыратын жерлер, басқару пульттері);
Радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін аймақтардың арасында
санитариялық шлюздер жабдықталады.
І кластың жұмысы кезінде радиациялық объектінің мақсатына және
қолданылатын тосқауылдардың тиімділігіне байланысты жұмыс үй-жайларын
қызмет көрсетілмейтін үй жайлар және персонал тұрақты болатын үй-жайлар
аймақтары енетін екі аймақтық жоспарлауға жол беріледі.
113. І және ІІ класс жұмыстарының үй-жайларында жылытудың, газбен
жабдықтаудың, сығылған ауаның, су құбырының жалпы жүйелерін басқару және
топтық электр қалқандары жұмыс үй-жайларынан шығарылуы тиіс.
114. Персоналдың ашық сәулелену көздерінен сыртқы сәулелену
деңгейлерін төмендету үшін автоматтандыру және қашықтықтан басқару
жүйелері, сәулелену көздерін қалқалау және жұмыс операцияларының уақытын
қысқарту қолданылады.
115. Радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін радиациялық
объектілерде өндірістік үй-жайлар мен жабдықты дезактивациялау бойынша іс-
шаралар кешені көзделеді.
116. ІІ кластың және І кластың 3-аймағының жұмыстарына арналған үй-
жайлардың едендері мен қабырғалары, сондай-ақ І кластың 1-ші және 2-ші
аймақтарының төбелері жуу құралдарына төзімді, сіңіргіштігі төмен
материалдармен қапталуы тиіс. Әртүрлі аймақтар мен кластарға жататын үй-
жайлар әртүрлі түстерге боялады.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
117. Есіктер, терезелер, жабдықтар мен жұмыс жиһазы радиоактивті
ластануларынан тиімді жойылуын қамтамасыз ететін конструкциялы және
материалдардан жасалуы тиіс. Еден жабындарының шеттері көтеріліп және
қабырғалармен жіктестірілген болуы тиіс. Траптар болған жағдайда едендердің
еңісі болуы тиіс.
118. І және ІІ класс жұмыстарына арналған үй-жайдың бір жұмысшыға
шаққандағы ауданы 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс.
119. Жабдық және жұмыс жиһазының беттері тегіс, конструкциялары
қарапайым және радиоактивті ластанулардан тазартуды жеңілдететін сіңіргіштігі
төмен жабындары болуы тиіс.
120. Жабдық, құрал-сайман және жиһаз әр кластың (аймақтың) үй-
жайларына бекітіледі және сәйкесінше таңбаланады. Оларды бір кластың (аймақ)
үй-жайынан екіншісіне беруге жол берілмейді.
121. Камералар мен бокстарда радиоактивті заттармен жүргізілетін
өндірістік операциялар қашықтық құралдары арқылы немесе қасбет қабырғасына
герметикалық орнатылған қолғаптарды қолдану арқылы орындалады. Өңделетін
өнімді, жабдықты тиеу мен түсіру, камералық қолғаптарды, манипуляторларды
ауыстыру камералардың немесе бокстардың тұмшалануын бұзбай жүргізіледі.
122. Жұмыс орнындағы радиоактивті заттардың көлемі жұмысқа қажет ең
аз шамада болады. Радиоактивті заттарды таңдау мүмкіндігі болған жағдайда
радиациялық қауіптілік тобы төмен заттарды, ұнтақтарды емес, ерітінділерді,
үлестік белсенділігі неғұрлым төмен ерітінділерді пайдаланады.
Үй-жайлар мен қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін болатын
операциялар (ұнтақтарды басқа ыдысқа салу, құрғақтау) санын мейлінше азайту
керек. Радиоактивті ерітінділермен қолмен жасалатын операциялар кезінде
автоматты тамшуырлар немесе резеңке грушасы бар тамшуырлар қолданылады.
123. Ашық көздермен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру
технологиялық үдерістер (операциялар) кезінде түзілетін радиоактивті
қалдықтарды мейлінше азайтуға бағытталған.
124. Жұмыс беттерінің, жабдық пен үй-жайлардың радиоактивті заттармен
зертханалық жағдайларда жұмыс істеу кезінде ластануын шектеу үшін
сіңіргіштігі төмен материалдардан жасалған науалар мен табандықтар, пластик
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
пленкалар, сүзгіш қағаз және бір реттік пайдаланылатын басқа да материалдар
пайдаланады.
125. Ашық сәулелену көздерімен жұмыс кезінде желдету және ауа тазарту
құрылғылары жұмыс үй-жайлардың ауасы мен атмосфералық ауаны радиоактивті
ластанудан қорғауды қамтамасыз етеді. Жұмыс үй-жайлары, сыртқа тарату
шкафтары, бокстар, арналар және басқа да технологиялық жабдық ауа ағыны аз
ластанған кеңістіктерден көбірек ластанған кеңістіктерге бағытталатын болып
жасалады.
126. Радиациялық объектілердің өндірістік ғимараттары мен
құрылыстарында ауаны желдетуді, баптауды, сондай-ақ желдету ауасын
атмосфераға шығаруды және оны шығару алдында тазартуды жобалауды осы
санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізеді. Радиоактивті
заттардың атмосфераға шығарындылары халықтың сыни тобында 10 мкЗв/жыл
астам дозаны құрайтын радиациялық объектілер үшін рұқсат етілген шекті
шығарындылары осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде белгіленеді.
127. Баспаналардан, бокстардан, камералардан, шкафтардан және бacқa да
жабдықтан аласталатын ластанған ауа атмосфераға шығару алдында тазартылады.
Бұл ауаны тазартқанға дейін сұйылтуға жол берілмейді.
І кластың және ІІ кластың жұмыстары жүргізілетін радиациялық
объектілерде биіктігі алаудың жерге түсу орнында атмосфералық ауада
радиоактивті заттардың көлемдік белсенділігін халық үшін доза шегінің
белгіленген квотасынан асырмауды қамтамасыз ететін мәндерге дейін
төмендетуді қамтамасыз етуге тиіс сыртқа шығаратын құбырлар көзделеді.
128. Егер ауаның жыл бойғы жиынтық шығарындысы радиациялық объекті
үшін белгіленген рұқсат етілген шығарынды мәнінен аспайтын болса, оны сыртқы
ауаға тазартусыз шығаруға жол беріледі. Бұл ретте халықтың ішкі және сыртқы
сәулелену деңгейлері белгіленген квоталардан аспауы тиіс.
129. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізу үшін тек жалпы
ауданның бір бөлігі ғана бөлінетін ғимараттарда бөлек желдету жүйелерін көздеу
қажет.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
130. Ауаның рециркуляциясы жүйесін қолдану кезінде І және ІІ класс
жұмыстарына арналған үй-жайларды радиоактивті және уытты заттардан тазарту
және желдету қамтамасыз етіледі.
131. Тұмшаланған камералар мен бокстарда жабық ойықтар болған кезде
кемінде 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) су бағанының сиретілуі қамтамасыз етілуі
тиіс, камералар мен бокстар сирету дәрежесін бақылау аспаптарымен
жабдықталады. Сыртқа тарату шкафтары мен баспаналардың жұмыс
ойықтарындағы ауа қозғалысының есептік жылдамдығы секундына 1,5 метрге
(бұдан әрі – м) тең қабылданады.
Сиретуді су бағанының 10 мм-ге дейін қысқа уақытқа төмендетуге және
ашық ойықтардағы ауа жылдамдығын секундына 0,5 м-ге дейін төмендетуге жол
беріледі.
132. Сыртқа тарату шкафтарын, бокстар мен камераларды қамтамасыз
ететін желдеткіштерді жеке арнайы үй-жайларда орналастырады. І кластың
жұмыстарына арналған үй-жайларда сыртқа тарату камерасы екінші аймақ үй-
жайларының құрамына кіруі тиіс; І кластағы жұмыстарға арналған үй-жайларға
қызмет көрсететін желдету жүйелерінде өнімділігі толық есептіктен кемінде 1/3
болатын резервтік агрегаттар болады.
Қозғалтқыштардың іске қосқыштарында жарық сигнализация болуы тиіс,
оларды 3-аймақтың үй-жайларында орналастырады.
133. Эманацияланатын және ұшпа радиоактивті заттармен жұмыстарға
арналған қоймалардың, жұмыс үй-жайларының және бокстардың тұрақты әрекет
ететін сыртқа тарату желдету жүйесі көзделуі тиіс. Жүйе өнімділігі толық
есептіліктен кемінде 1/3 болатын резервтік сыртқа тарату агрегатымен
қамтамасыз етіледі.
134. І және ІІ кластардағы радиоактивті заттармен жұмыстар кезінде шаң-
газ тазарту жүйелері мен қондырғыларын таңдау және құру кезіндегі негізгі
талаптар мыналар болып табылады:
1) шаң-газ тазарту жабдығы бірліктерінің ең аз саны;
2) шаң-газ тазарту жабдығына қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру
үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру, ал қажет болған жағдайларда
бұл жұмыстарды қашықтықтан жүргізу;
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
3) тазарту аппараттары мен сүзгілер жұмысының тиімділігін бақылау және
дабыл беру жүйелерінің болуы; көп сатылы шаң-газ тазарту жүйecі жағдайында
барлық жүйенің, сондай-ақ оның жекелеген бөліктерінің (сатыларының)
жұмысын автоматтандырылған бақылау және сигнализация көзделеді;
4) шаң-газ тазарту жабдығын сәулелену көзі ретінде сенімді оқшаулау,
қызмет көрсету кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
135. Сүзгілер мен аппараттарды магистральдық ауа бұру жүйелерінің
ластануын барынша төмендететіндей етіп тікелей бокстардың, камералардың,
шкафтардың, баспаналардың жанына орнатады.
136. Шаң-газ тазарту жабдығы бөлек үй-жайларда (ғимараттардың бір
бөліктерінде, жеке ғимараттарда) орналастырылған жағдайда, оларға негізгі
өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарға ұқсас талаптар қойылады. Шаң-газ
тазарту жабдығын шатырда орналастырған жағдайда, ол техникалық қабат
ретінде жабдықталады.
137. Шаң-газ тазарту жабдығы үй-жайлары оқшауланған болуы және негізгі
өндірістік үй-жайлармен және аймақтармен ауа арқылы араласпауы тиіс. Шаң-газ
тазарту жабдығы үй-жайларына кіретін және шығатын жерлер санитариялық
шлюз арқылы жүзеге асырылады.
138. Шаң-газ тазарту жабдығы үй-жайларының кешенінде сүзгілерді,
аппараттарды және олардың элементтерін жөндеуге, бөлшектеуге, уақытша
сақтауға, сондай-ақ жинау және дезактивациялау құралдарын сақтауға арналған
оқшауландырылған үй-жайлардың немесе тұмшаланған желдетілетін
учаскелердің болуы көзделеді.
139. І кластағы жұмыстар үшін учаскелерде шаң-газ тазарту жабдығын
орталықтандырып орналастырылған кезде шаң-газ тазарту кешенін жоспарлау
негізіне аймақтау қағидаты қойылған.
140. І кластың жұмыстарына және ІІ кластың жекелеген жұмыстарына
арналған үй-жайларда жабдықты аймақтандырып орналастыру кезінде
персоналдың шлангалы оқшаулағыш жеке қорғаныш құралдарына
(пневмокостюмге, пневмошлемге, шлангалы газтұтқыштарға) ауа жіберуді,
сондай-ақ жылжымалы сыртқа тарату қондырғыларын сыртқа тарату желдеткіш
жүйелеріне қосу мүмкіндігін көздеу қажет.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Шлангалы қорғаныш құралдарына ауа жіберу үшін ауаның қажетті қысымы
мен шығымын қамтамасыз ететін жеке пневможелі немесе жеке желдеткіштер
орнатуға жол беріледі. Шлангтардың қосылу орындары шар немесе серіппелі
автоматты қақпақтармен жарақталады.
141. Ашық сәулелену көздері қолданылатын жұмыстарға арналған үй-
жайларды жылыту су немесе электр жолымен көзделеді.
142. Барлық кластардың ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін
радиациялық объектілерде салқын және ыстық сумен жабдықтау және кәріз
болады. ІІІ кластағы жұмыстарды жүргізетін және елді мекендерден тыс немесе
орталықтандырылған сумен жабдықтауы жоқ дала зертханалары үшін рұқсат
беріледі.
143. І және ІІ кластардағы жұмыстарға арналған үй-жайларда раковиналарға
жіберілетін судың шүмектерінде араластырғыштар болады және педальдық,
шынтақтық немесе байланыссыз құрылғының көмегімен ашылады. Унитаздарды
шаю суды педальдық ағызу арқылы жүзеге асырылады. Қолға арналған электрлі
кептіргіштермен жабдықталады.
144. Арнайы кәріз жүйесі ағын сулардың дезактивациялауды және оларды
технологиялық мақсаттар үшін қайта пайдалану мүмкіндігін көздейді. Тазарту
құрылыстары арнайы үй-жайларда немесе ұйым аумағының қоршалған
учаскесінде орналастырылады. Кәріз жүйесі ағынды сулардың мөлшерін және
белсенділігін бақылау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Арнайы кәріз жүйесінде радиоактивті ерітінділерді ағызуға арналған
қабылдағыштар (раковиналар, траптар) тоттануға төзімді материалдардан
жасалады немесе ішкі және сыртқы беттерінің тоттануға төзімді белсенділігі
жеңіл жойылатын жабындары болады. Қабылдағыштардың құрылымы
ерітінділердің шашырау мүмкіндігін болдырмайды.
145. Ауа жеткізгіштерді, су құбыры, кәріз және басқа да
коммуникацияларды қабырғалар мен жабындарда салу иондаушы сәулеленуден
қорғаудың әлсіреуіне әкеліп соқпауы тиіс.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Достарыңызбен бөлісу: |