2-тарау. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
7. Персоналдың, халықтың және қоршаған ортаның радиациялық
қауіпсіздігі егер радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары (негіздеу,
оңтайландыру, нормалау) және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы»
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңымен, Гигиеналық
нормативтермен және осы Санитариялық қағидалармен белгіленген талаптары
сақталған болса, қамтамасыз етілді деп саналады.
Негіздеу қағидаты жаңа сәулелену көздері мен радиациялық объектілерді
жобалау кезінде, лицензиялар беру, сәулелену көздерін қолдануға нормативті
техникалық құжаттаманы бекіту кезінде, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары
өзгерген кезде қолданылады. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
қағидаттарын іс жүзінде іске асыру осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада
келтірілген тәсілдерге сәйкес орындалады.
Радиациялық авариялар кезінде негіздеу қағидаты сәулелену көздері мен
сәулелену жағдайларына емес, керісінше қорғау іс-шараларына жатады. Пайда
шамасы ретінде осы іс-шарамен болдырылмаған дозаны бағалау қажет. Сәулелену
көздерін бақылауды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар міндетті түрде
жүргізіледі.
Оңтайландыру қағидаты осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында қолданылады.
Радиациялық авариялар жағдайларында доза шектерінің орнына араласудың
неғұрлым жоғары деңгейлері қолданылатын жағдайларда оңтайландыру қағидаты
жол берілмейтін сәулелену дозасын және араласуға байланысты зиянды ескере
отырып, қорғаныш іс-шарасына қолданылады.
Нормалау қағидаты адамдардың сәулелену деңгейіне байланысты болатын
барлық жеке және заңды тұлғалармен қамтамасыз етіледі және барлық сәулелену
көзінен азаматтардың сәулелену дозаларының Гигиеналық нормативтермен
белгіленген жеке шектерден асырмауды көздейді.
Гигиеналық нормативтерде регламенттелген тиімді және эквивалентті
сәулелену дозаларын бақылау үшін дозалардың негізгі шегінен туынды болып
табылатын: доза қуатының, радионуклидтердің ағзаға жылдық түсуінің және
басқа да көрсеткіштердің монофакторлық әсерінің жол берілетін деңгейі (бір
радионуклид үшін, түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін)
енгізіледі.
Техногендік сәулелену кезіндегі туынды нормативтер монофакторлық
әсерлерге есептелген және олардың әрқайсысы дозаның бүкіл шегін аяқтайды,
оларды пайдалану барлық бақылаудағы шамалардың олардың жол берілген
мәндеріне қатынасының жиынтығын бірліктен асырмау шартына негізделеді.
Халық үшін белгіленген доза шегін тек бір техногендік сәулелену көзіне
немесе олардың шектелген санына пайдаланудың алдын алу үшін негізгі
техногендік сәулелену көздеріне квоталар қолданылады.
Квоталар мәндерін негіздеу радиациялық объектілер жобаларында
қамтылуы тиіс. Халықтың жекелеген техногендік сәулелену көздерінен
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
сәулеленуіне квоталарды белгілеу бойынша нұсқаулық осы Санитариялық
қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
8. Объектіде және әрбір өңірде радиациялық қауіпсіздікті бағалау:
1) қоршаған ортаның радиоактивті ластануының сипаттамасы;
2) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды және радиациялық
қауіпсіздік саласындағы гигиеналық нормативтердің, қағидалар мен нормалардың
орындалуын қамтамасыз етуді талдау;
3) радиациялық авариялардың ықтималдығы және олардың ауқымын
анықтау;
4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын тиімді жоюға
дайындық дәрежесі;
5) № 1 ДОЗ, № 2 ДОЗ регламенттелген нысандар нәтижелері бойынша «А»
және «Б» тобы персоналының, сондай-ақ барлық сәулелену көзінен халықтың
жекелеген топтары алатын сәулелену дозаларын талдау;
6) сәулелену дозаларының белгіленген шектерінен артық сәулеленуге
ұшыраған адамдар санының негізінде жүзеге асырылады.
Жыл сайын осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында
көрсетілген бағалау нәтижелері радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық
паспорты нысанына жазылады және осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада
көрсетілген радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын жүргізу
және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық
бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) ұсынылады.
9. Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарында
келтірілген деректерге талдау жүргізу оларды Гигиеналық нормативтермен, осы
Санитариялық қағидалардың талаптарымен және алдыңғы жылдардың
деректерімен салыстыру арқылы жүргізу керек.
10. Радиациялық объектіде және оның айналасындағы радиациялық
қауіпсіздік:
1) радиациялық объектіні орналастыру үшін аудан мен алаңды, сәулелену
көздерін физикалық қорғау деңгейін таңдаудың негізделуін, осы Санитариялық
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
қағидалардың 24-тармағына сәйкес белгіленген 1 және 2 санаттағы объектілердің
айналасымен және ішкі аймағын аймақтарға бөлуді қамтитын радиациялық
объектінің жобалық құжаттамасын дайындау кезінде нормативтік құқықтық
актілер талаптарын сақтау;
2) технологиялық жүйелерді пайдаланудың қауіпсіз шарттарын құру;
3) сәулелену көздерімен қызметті санитариялық-эпидемиологиялық бағалау;
4) радиациялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
5) объектінің қалыпты жұмысы, оның реконструкциялау және пайдаланудан
шығару кезінде, сондай-ақ радиациялық авариялар кезінде персоналдың және
халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу;
6) «А» тобы персоналының біліктілігін және сәулелену көздерімен жұмыс
істеу ережелері бойынша білімдерін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.
11. Персоналдың радиациялық қауіпсіздігі:
1) радиациялық бақылауды ұйымдастырумен;
2) сәулелену көздерімен жұмыс істеу ережелерін білумен және сақтауымен;
3) сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастырумен;
4) жеке қорғау құралдарын пайдаланумен;
5) жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, деңгейі, алдыңғы сәулелену деңгейі
және басқа да көрсеткіштері бойынша сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат
беруді шектеулермен;
6) Гигиеналық нормативтердің және осы Санитариялық қағидалардың
талаптарына жауап беретін еңбек шарттарын құрумен;
7) жүкті әйелді жүктілігі туралы ақпаратты алған күннен бастап жүктілік
және бала емізу кезеңінде сәулелену көздерімен байланысы жоқ жұмысқа
ауыстырумен;
8) қорғаныс кедергілерінің, экрандардың және сәулелену көздерінен
арақашықтығының жеткіліктілігімен, сондай-ақ сәулелену көздерімен жұмыс
істеу уақытын шектеумен;
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
9) радиациялық объектідегі радиациялық факторлардың бақылау
деңгейлерін сақтаумен;
10) радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастырумен;
11) авариялар қаупі төнген және туындауы жағдайында жоғары сәулеленуді
жоспарлау кезінде персоналды қорғау жөніндегі тиімді іс-шараларды өткізумен
қамтамасыз етіледі.
12. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі:
1) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес адамдардың өмір
сүру жағдайларын жасаумен;
2) әртүрлі сәулелену көздерінен сәулеленуге квоталар белгілеумен;
3) радиациялық бақылауды ұйымдастырумен;
4) қалыпты жағдайларда және радиациялық авариялар кезінде радиациялық
қорғану жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің тиімділігімен;
5) радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастырумен
қамтамасыз етіледі.
13. Персоналдың және халықтың сәулелену дозаларын төмендету жөніндегі
іс-шараларды әзірлеу кезінде мынадай негізгі жағдайларға сүйенеді:
1) жеке сәулелену дозаларының экономикалық және әлеуметтік
факторларын және үйретілетін адамдар санын ескере отырып, кез келген
сәулелену көзін пайдалану кезінде жеке сәулелену дозаларын барынша төмен қол
жетімді деңгейде ұстау;
2) адамдарды ұжымдық қорғау жөніндегі іс-шаралар барынша аз шығынмен
ұжымдық сәулелену дозасын неғұрлым төмендетуге қол жеткізу мүмкін болатын
сәулелену көздеріне қатысты жүзеге асырылады;
3) әрбір сәулелену көзінен алынатын дозаларды төмендету осы сәулелену
көзі үшін шекті топтардың сәулеленуін төмендету есебінен қол жеткізіледі.
14. Радиациялық бақылау өндірістік бақылаудың бір бөлігі болып табылады
және адамға иондаушы сәулелену ықпалының барлық негізгі түрлерін қамтуы
тиіс.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
15. Радиациялық бақылаудың мақсаты адам тіршілігінің барлық
жағдайларында персоналдың, пациенттердің және халықтың жеке және ұжымдық
сәулелену дозалары туралы ақпаратты, сондай-ақ радиациялық жағдайды
сипаттайтын барлық регламенттелетін шамалар туралы мәліметтерді алу болып
табылады.
16. Радиациялық бақылау нәтижелері радиациялық жағдайды бағалау,
бақылау деңгейлерін белгілеу, сәулелену дозаларын төмендету бойынша іс-
шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады.
17. Радиациялық бақылау объектілері:
1) өндірістік жағдайларда иондаушы сәулеленудің әсері кезінде «А» және
«Б» топтарының персоналы;
2) медициналық рентгендік-радиологиялық рәсімдерді орындау кезіндегі
пациенттер;
3) табиғи және техногенді сәулелену көздері ықпал еткен кездегі халық;
4) адамның тіршілік ету ортасы болып табылады.
18. Сәулелену көздерімен жұмыс істеу жоспарланған радиациялық
объектідегі радиациялық бақылау бағдарламасы жобалау сатысында әзірленеді.
Радиациялық объектінің жобасында бақылауды жүргізу түрлері, көлемі мен
тәртібі, техникалық құралдарының тізбесі және оны жүзеге асыру үшін қажетті
қызметкерлердің штаты белгіленеді.
19. Радиациялық объект әкімшілігі орындалатын жұмыстардың
ерекшеліктері мен шарттарын ескере отырып, радиациялық бақылау
бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.
Радиациялық бақылаудың түрлері мен көлемі радиациялық объектідегі және
іргелес аумақтағы нақты радиациялық жағдайға байланысты нақтыланады.
20. Радиациялық объектіні радиациялық бақылауды қызметкерлердің
(персоналдың) жеке сәулелену дозаларына бақылау жүргізуді және есепке алуды
көздейді.
21. Жұмыстың көлемі мен сипатына байланысты радиациялық бақылауды
радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе арнайы дайындықтан өткен радиациялық
бақылауға жауапты адам жүзеге асырады.
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
22. Радиациялық объектінің әкімшілігі мынадай талаптарды:
1) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны және атом энергиясын
қолдану саласындағы лицензияны алуды;
2) қол жеткізілген радиациялық қауіпсіздік деңгейін бекіту, персонал мен
халықтың сәулелену деңгейлерін одан әрі төмендетуді, қоршаған ортаның
радиоактивті ластануын төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық
объектіде және жедел радиациялық бақылау үшін орнатылатын санитариялық-
қорғау аймағында радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін әзірлеуді
қамтамасыз етуді;
3) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сәулелену
көздерімен жұмыс жасаған кезде радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықты
жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес радиациялық қауіпсіздік
жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді қамтамасыз етуді;
4) «А» және «Б» топтарының персоналына жататын адамдар тізбесін
анықтауды;
5) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес сәулелену
көздерімен жұмыс істеу шарттарын құруды;
6) радиациялық объектіде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыруды;
7) жұмыс орындарында, үй-жайларда, ұйым аумағында, санитариялық-
қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайға, сондай-ақ
радиоактивті заттардың сыртқа шығуы мен тасталуына жүйелі бақылауды
қамтамасыз етуді;
8) персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылауды және есепке алуды
қамтамасыз етуді;
9) жұмыс орындарында персоналға иондаушы сәулелену деңгейлері және
олардың олар алған жеке сәулелену дозаларының көлемі туралы тоқсанына 1 рет
(авариялық жағдайда дереу) хабарлауды;
10) персоналға алдын ала (жұмысқа тұру кезінде) және мерзімдік міндетті
медициналық тексеріп-қарауды жүргізуді;
Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
11) жыл сайын радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық
паспортын белгіленген мерзімде ұсынуды орындайды.
23. Радиациялық объектінің персоналы мынадай талаптарды:
1) осы Санитариялық қағидаларда, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі
нұсқаулықтарда және лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген радиациялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды білуді және орындауды;
2) жеке дозиметрлік бақылау құралдарын және жеке қорғаныш құралдарын
пайдалануды;
3) персоналды және халықты радиациялық авариялар мен оның салдарынан
қорғау жөніндегі шараларды сақтауды;
4) сәулелену көздері болып табылатын қондырғылардың, аспаптар мен
аппараттардың жұмысындағы барлық анықталған ақаулар туралы цехтың,
учаскенің, зертхананың басшысына және тиісті лауазымды адамдарға және
радиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыратын
уәкілетті адамға дереу хабарлауды;
5) жұмыстарды орындау кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қатысты радиациялық қауіпсіздік қызметінің (немесе жауапты адамның)
нұсқауларын орындауды;
6) ауысым аяқталған соң, егер одан әрі болуы өндірістік қажеттілікке
байланысты болмаса, өздерінің жұмыс орындарын тастауды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |