Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Жер учаскесін таңдауға, радиациялық объектілерді жобалауға



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

2-параграф. Жер учаскесін таңдауға, радиациялық объектілерді жобалауға, 
салуға, реконструкциялауға қойылатын талаптар
26. Радиациялық объектіні орналастыру мүмкіндігін қарау кезінде 
объектінің санатын, оның халық және қоршаған орта үшін әлеуеттік радиациялық 
және химиялық қауіптілігі ескеріледі.
27. Жер учаскесінде І және ІІ санаттағы радиациялық объектілерді 
орналастыру мүмкіндігін қарау кезінде қалыпты пайдалану және ықтимал 
авариялар жағдайында метеорологиялық, гидрологиялық, геологиялық және 
сейсмикалық факторлары бағаланады.
28. І және ІІ санаттағы радиациялық объектілерді:


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) аз қоныстанған су баспайтын аумақтарда;
2) жел режимі тұрақты;
3) өзінің топографиялық және гидрогеологиялық жағдайларының арқасында 
объектінің өнеркәсіптік алаңынан тыс радиоактивті заттардың таралу мүмкіндігін 
шектейтін жер учаскелерінде орналастырады.
29. І және ІІ санаттың радиациялық объектілері көбіне жел тармағы ескеріле 
отырып, тұрғын аумаққа, емдеу-профилактикалық және балалар ұйымдарына, 
сондай-ақ демалыс орындары мен спорт құрылыстарына қатысты желдің ық 
жағында орналастырылады.
30. Радиациялық объектінің бас жоспары объектіде және оның айналасында 
өндірістің дамуын, радиациялық жағдай болжамын және радиациялық авариялар 
туындау мүмкіндігін ескере отырып әзірленеді.
31. Стоматологиялық практикада қолданылатын, рентген қондырғыларынан 
басқа, сәулелену көздерімен жұмысты жүзеге асыратын объектіні тұрғын үй 
ғимараттарында және қоғамдық ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.
32. І және ІІ санаттағы радиациялық объектілердің айналасында 
санитариялық-қорғаныш аймағы, ал І санаттағы радиациялық объектінің 
айналасында да байқау аймағы орнатылады. ІІІ санаттағы радиациялық 
объектілерге арналған санитариялық-қорғаныш аймағы объектінің аумағымен 
шектеледі, ІV санаттағы радиациялық объектілер үшін аймаққа бөлу көзделмеген.
33. Радиациялық объектінің айналасындағы санитариялық-қорғаныш 
аймағының және байқау аймағының өлшемдері сыртқы сәулелену деңгейлерін, 
сондай-ақ радиоактивті шығарындылар мен төгінділердің ықтимал таралу 
шамалары мен аудандары ескеріле отырып белгіленеді.
34. Радиациялық объектілер және радиациялық емес объектілер кешенімен 
бір алаңда орналастырылған жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағы және 
(немесе) байқау аймағы объектілердің жиынтық әсер етуі ескеріле отырып 
адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз 
ететін нұсқасы бойынша белгіленеді.
Байқау аймағының ішкі шекарасы санитариялық-қорғаныш аймағының 
сыртқы шекарасымен сәйкес келеді.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
35. І санаттағы радиациялық объектінің байқау аймағында тұратын халыққа 
радиациялық әсері оны дұрыс пайдалану кезінде осы объектіге арналған квота 
мөлшерімен шектеледі.
36. Радиоактивті заттарды тасымалдауға және сұйық радиоактивті 
қалдықтарды жоюға арналған құбыр трассасының бойындағы санитариялық-
қорғаныш аймағының (айыру жолағының) өлшемдері соңғының белсенділігіне, 
жергілікті жер бедеріне, топырақтың сипатына, құбырдың төселу тереңдігіне, 
ондағы қысым деңгейіне байланысты белгіленеді және құбырдың әрбір жағына 
қарай кемінде 20 метр болуы тиіс.
37. Радиациялық объектінің айналасындағы санитариялық-қорғаныш 
аймағының және байқау аймағының шекаралары жобалау сатысында белгіленеді. 
Санитариялық-қорғаныш аймағы өлшемдерінің негізділігі барлық ластаушы 
заттар үшін бөлінетін шығарындылардың, радиациялық және радиациялық емес 
факторлардың атмосфераға таралуын есептеулермен расталады, объектілердегі 
санитариялық-қорғаныш аймағы мынадай реттілікпен әзірленеді: есептік (алдын 
ала), ластаудың атмосфералық ауаға таралуы және физикалық әсердің есептеулері 
бар жобаның негізінде; белгіленген (түпкілікті) – есептік параметрлерді растау 
үшін зертханалық бақылаулар (зерттеулер) мен өлшеулердің нәтижелері жылдық 
циклының негізінде орындалған.
38. Радиациялық объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағында тұрақты 
немесе уақытша тұруға, балалар ұйымдарын, ауруханаларды, санаторийлер мен 
басқа да сауықтыру ұйымдарын, сондай-ақ осы объектіге жатпайтын өнеркәсіптік 
және қосалқы үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді. Санитариялық-
қорғаныш аймағының аумағы абаттандырылған және көгалдандыру жобалық 
шешімге сәйкес жүргізіледі.
39. Байқау аймағында радиоактивті заттар авариялық шығарылған жағдайда 
радиациялық объект әкімшілігі Гигиеналық нормативтерге және осы 
Санитариялық қағидаларға сәйкес қорғаныш іс-шаралары кешені жүргізіледі.
40. Санитариялық-қорғаныш аймағында және байқау аймағында объектінің 
радиациялық қауіпсіздігі қызметінің (радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) 
жауапты адамның) күшімен радиациялық бақылау жүргізілуі тиіс.
41. Радиациялық объектiлерге арналған жобалау құжаттамасы құрастыру, 
салу, күрделі жөндеу, реконструкциялау, пайдалану, пайдаланудан шығару, 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сондай-ақ авария жағдайы кезiндегi қауіпсіздік шараларының негіздемесін 
қамтиды.
Радиациялық объектінің жобалау құжаттамалары Кодекстің 9-бабы 10) 
тармақшасына сәйкес бекітілетін Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 
жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өтеді.
42. Радиациялық объектінің жобалау құжаттамасында әрбір үй-жай (учаске, 
аумақ) үшін:
1) ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде: радионуклид, қосынды, 
агрегаттық күйі, жұмыс орнындағы белсенділік, жылдық тұтыну, жоспарланатын 
жұмыстардың түрі және сипаты, жұмыстар класы;
2) жабық сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде: радионуклид, оның 
түрі, белсенділігі, жұмыс орнындағы көздердің рұқсат етілген caны және олардың 
жиынтық белсенділігі, жоспарланатын жұмыстардың сипаты;
3) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғылармен жұмыс істеу 
кезінде: құрылғының типі, генерацияланатын сәулелену түрі, энергиясы және 
қарқындылығы және (немесе) анодтық кернеуі, тоқ күші, қуаты, бір үй-жайда 
(учаскеде, аумақта) орналастырылған бір уақытта жұмыс істейтін құрылғылардың 
барынша жол берілген саны;
4) ядролық реактор, радионуклидтер генераторы, радиоактивті 
қалдықтармен және басқа да радиациялық сипаттамасы күрделі сәулелену 
көздерімен жұмыс істеу кезінде: сәулелену көзінің түрі мен оның радиациялық 
сипаттамалары (радионуклидтік құрамы, белсенділігі, энергиясы мен сәулелену 
қарқындылығы) көрсетіледі. Барлық жұмыстар үшін олардың сипаты және 
шектеу шарттары көрсетіледі.
43. Персоналды және халықты сыртқы сәулеленуден қорғауды жобалауды 
екіге тең жылдық тиімді доза бойынша қор коэффициентін және басқа сәулелену 
көздерінің бар болуы мен олардың қуатын перспективалық ұлғайтуды ескере 
отырып жүргізеді.
44. Сыртқы иондаушы сәулеленуден қорғауды жобалау үй-жайлардың 
мақсатын, сәулеленуші адамдар санаттарын және сәулелену ұзақтығын ескере 
отырып орындалуы тиіс:


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) қорғауды екіге тең қор коэффициентімен есептеу кезінде қорғау бетіндегі 
сәулеленудің эквивалентті дозасының жобалық қуаты (бұдан әрі – Н) мынадай 
формула бойынша айқындалады:
мұнда
– персонал немесе халық үшін доза шегі, жылына мЗв,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет