Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
ЛЕК. ТАСИБЕКОВ Х.С. ХТОВ ПРОЕКТ

 
Конструкторлық құжат – бұл жеке немесе үйлесулері арқылы бұйымның құрамы мен 
құрылысын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттар. Жалпы конструкторлық құжаттар 
жобалық және жұмысшы конструкторлық құжаттар болып бөлінеді.
Жобалық конструкторлық құжатта (техникалық қосымша, эскиздік және техникалық 
жоба) бұйымды жасақтауға қажетті барлық мәліметтер болады, ал жұмысшы конструкторлық 
құжатта осы бұйымды даярлап шығару үшін қажетті мәліметтер келтіріледі. 
Конструкторлық құжат бұйымды дарлап жасап шығарудың әдістері мен тәсілдерін, сонымен 
қатар олардың қолданылу реттіліген регламенттемейді. Бұл технологиялық құжаттардың міндеті. 
Бірақ конструкторлық құжаттарда келтірілген мәліметтер оларды таңдауға және қолданылуына 
анағұрлым әсер етеді.
Техникалық тапсырма (ТТ) бұйымды жобалаудың мақсатты бағытын және ұтымды 
бірізділігін анықтайтын маңызды бастапқы құжат болып табылады. Анализ және тәжірибелік 
сынақтар мен өндіріс қажеттіліктерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен 
салыстыруға негізделе техникалық тапсырманы дайындау процесінде сапалы сипаттамалар 
құрастырылады. Жалпы жағдайда ТТ–да бұйымның құрамы мен конструктивті құрылғысына, 
оның сапасының көрсеткішіне, құрамдас бөліктеріне, бастапқы және эксплуатационды 
материалдарына, жасақтау сатылары мен кезеңдерін
және т.б. талаптар көрсетіледі. Техникалық 
тапсырма келісіліп және бекітілгеннен кейін жобалық құжатты даярлауға кіріседі.
Жобалық құжатты дайындауға жаңалығы мен бұйым конструкциясының күрделігіне 
байланысты нысанды көпнұсқалы модельдеу және оптималды нұсқаны бөлу және әртүрлі 
жаңалығы мен күрделігі бойынша және т.б. құрамдас элементтердің қасиеттерінің үйлесуіне 
негізделген әртүрлі модельдердің сараптамасы жатады.
Макет – бұл жобалық немесе жұмысшы құжаттарды орындағанда, эксперименттік үлгіні 
құрастырғанда олардың жұмыс істеу принципін тексеру үшін жасақталынып даярланудағы заттың 
немесе оның көлемдік құрамдас бөліктерін жүзеге асыратын бұйым. 
Техникалық ұсыныс тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының сараптамасына
ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелеріне, жасақталынудағы бұйымның құрылымдық және 
эксплуатационды көрсеткіштерін ескере отырып шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы 
бағалау және таңдалған құрылымның аналогтарының тасымалдау тәжірибесінің негізінде 
бұйымды даярлаудың құжаттарын жасақтаудың ақылға сиымдылығының дәлелі бар 
конструкторлық құжаттардың жиынтығы болып табылады. Техникалық ұсыныс келісіліп 
бекітілгеннен кейін эскизді (техникалық) жобаның негізі болып табылады.
Эскиздік жоба – бұйымның құрылысы мен жұмыс істеу принципі, меңзелінуі, 
жасақталынудағы бұйымның негізгі параметрлері мен габаритті өлшемдерін анықтайтын 
мәліметтер беретін және принципиалды конструктивті шешімдер келтірілген конструкторлық 


құжаттардың жиынтығы. Эскиздік жобаны қарастырып және бекітіп алғаннан кейін техникалық 
жобаны орындауға кіріседі.
Техникалық жоба – жасақталынудағы бұйымнаң құрылысы туралы толық мәлімет, соңғы 
техникалық шешімдер мен жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтауға қажетті мәліметтер 
келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы. Техникалық жоба мақұлданып және 
бекітілгеннен кейін тәжірибелік үлгіні, бұйымның бекітілетін сериясын және бұйымның сериялық 
(массалық) өндірісінің жұмысшы конструкторлық құжаттарын жасақтау үшін негіз болып 
табылады.
Бұйымның тәжірибелік үлгісі – техникалық тапсырмаға сәйкестілігн тексеру үшін және де 
бұйымның негізгі бөлшектерін (жекелеген жағдайларда бұйымның тәжірибелік партиясын 
даярлап шығарады) жасап шығарудың технологиялық процестерін даярлау мен құжаттарға 
қажетті түзетулерді енгізу үшін қайта жасақталынған жұмысшы конструкторлық құжаттарға 
сәйкес даярланған бұйым үлгісі.
Бекітілген серия бұйымы – бұйымның тәжірибелік үлгісін жасап шығарып және оны сынау 
нәтижелерінің негізінде жасақталынған құжаттарға сәйкес даярланған бұйым. Мұндай сериялы 
бұйым оның техникалық тапсырмаға сәйкестілігін қадағалау, бұйымды даярлаудың 
технологиялық процесін тексеру және одан ары қарай құжаттарға қажетті түзетулерді ендіру үшін 
қажет.
Сериялық өндірістің бұйымы – біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес периодты 
қайталанатын сериялармен сериялық өндіріс жағдайында жасалған бұйым.
Массалық өндірістің бұйымы - біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес массалық өндіріс 
жағдайында үздіксіз бұйым. 
Химиялық өндірістердің қондырғыларын 3 класқа бөлуге болады; 
1) аппараттар;
2) машиналар;
3) тасымалдау құралдары. 
Меңзелінуіне байланысты химиялық қондырғыларды әмбебап, мамандандырылған және 
арнайы деп бөледі.
Әмбебап қондырғылар – бұл жалпыламалық меңзелінудегі немесе жалпы зауыдтық 
қондырғылар. Оларды әртүрлі химиялық өндірістерде ешқандай өзгеріссіз-ақ қолдануға болады. 
Ондай қондырғылардың қатарына: сораптар, компрессорлар, желдеткіштер, калориферлер, 
центрифугалар, кептіргіштер, экстракторлар, сеператорлар, сонымен қатар газ тазалағыш және 
тозаң ұстағыш қондарғылар мен тасымалдау құралдары жатады.
Мамандандырылған қондырғылар - әртүрлі модификацияланған бір ғана процеске 
пайдаланылады: жылуалмастырғыштар, ректификациялық бағаналар, абсорберлер және т.б. 
Арнайы қондырғылар – тек қана бір процесті жүргізу үшін арналған: каландрлар, 
вулканизациялық нығыздауыштар, грануляторлар, хлораторлар, сублиматорлар және т.б. 
Технологиялық қондырғыларды негізгі және көмекші деп ажыратылады. Негізгі 
технологиялық қондырғыларға әртүрлі технологиялық процестерді (химиялық, физикалық және 
т.б.) жүзеге асырып нәтижесінде мақсатты өнім алуға мүмкіндік беретін аппараттар мен 
машиналар жатады. Осылайша, негізгі технологиялық қондырғыларға келесі құралдарды 
жатқызуға болады: реакциялық-жанасу аппараттары, реакторлар, конветорлар, синтез бағаналары 
және химиялық реакциялар жүзеге асатын басқа да аппараттарды, сонымен қатар физика-
химиялық процестер үшін қолданылатын аппараттар мен машиналар – абсорберлер, 
экстракторлар, ректификациялық бағаналар, сатурациялық мұнаралар, кептіргіштер, буландыру 
және жылуалмасу апараттары, вальцалар, каландрлар, нығыздауыштар және т.б. 
Көмекші қондырғылардың қатарына сыйымдылықтарды, резервуарларды, сақтағыштарды 
және т.б. жатқызуға болады.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ 
«Академкнига», 2005. – 67 -71 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет