Ж. Қ. Қамысбаева суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата25.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#86510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
1-
жаттығу. Жаттықтырушы жүзуді үйренушілердің 
өздерін суда ұстау қабілетімен таныстырады да олардың 
көздерін ашып, басын суға батыруға үйретеді. 
Сабақ құрғақта басталады және жаттықтырушы 
үйренушілерді мынадай ережелермен таныстырады: а) жүзуді 
үйренушілерді сапқа тұрғызу, кезекшінің рапортын тыңдау, 
үйренушілерді түгендеу, жаттығу соңында сапқа тұрудың 
міндетті екендігін айтып, оның қалай орындалатынын көрсету;
ә) әр үйренушінің бассейнде өзін-өзі қалай ұстауының жалпы 
тәртібі туралы толық түсінік беру; б) бассейндегі тазалық. 
Жаттығу алдында әр үйренушінің міндетті түрде душқа түсуін, 
спорттық киімдерінде темір және басқа да қатты заттардың 
болмауын, аяқ-қолдардың тырнағы алынғандығын байқау. 
Суда. Сабаққа қатысушыларға бір қашықтыққа жүзуге 
тапсырма беріп, олардың әрқайсысының қалай жүзетіндігін, 
қандай әдісті жақсы меңгергенін байқау. Мұнан кейін 
жаттықтырушы тереңдігі 1,5 метрлік бассейнде су астында көзді 
ашып жүрудің әдісін көрсетіп, оны барлық үйренушілердің 
қайталауын қадағалауы қажет. Сонан соң мынадай жаттығулар 
орындалады:
1. 
Бассейннің ернеуінен ұстап тұрып, әмір бойынша 
судың ішіне көрінбей отыра қалу. Іштерінен үшке дейін 
санағаннан кейін барлығы да түрегеледі. Бұл 4 – 5 рет 
қайталанады. 
2. 
Балалар шеңбер жасап, бірінші, екінші нөмірлілер 
болып екі жарылады. Әмір бойынша бірінші нөмірлі балалар 
терең дем алып, суға енеді де онға дейін санағанша тыныс алуды 
тежеп, су астында тұрады. Бұдан соң өз кезегімен екінші 
63 


нөмірлілер осылай етеді. Суға енердің алдында дем шығару 
тәсілімен машықтану керек. 
3. 
Жаттығушылар жұптасып, бір-біріне қарсы тұрып, 
қол ұстасады да бірден суға енеді. Су астында көздерін ашып, 
бір-бірінің жүздеріне қарайды. 
4. 
«Кім тез?» деген ойын бойынша үйренушілер екі 
топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы алысырақ барып тұрады. 
«Марш!» дегеннен кейін үйренушілердің барлығы өз топтарына 
қарай жүгіреді. Кімдер өз топтарына тез жетіп, шеңбер жасап 
тұрса, сол топ жеңген болып есептеледі. Бұл 2 – 3 рет 
қайталанылады.
5. 
Жеті минут еркін жүзу.
Ескерту: үйренушілерді салқын тиіп қалу қаупінен 
сақтандыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет