4.бір қолмен есу қимылдарын жасай отырып, су астында
жүзу. 3-4 рет тыныс еркін алынады.
5.2-
3 рет екі қолды алға созып, бассейн ернеуінен ұстап, 3-
4 м жылжып, тыныс алу жаттығуларын орындау.
6. жоғарыдағы жаттығуды әуелі оң қолмен, содан кейін
сол қолмен қайталау.
7. екі қолды қапталда ұстап, су бетінде сырғуға машықтана
жүріп, тыныс алу және дем шығару жаттығуларын орындау.
8. 8,9
10-
тармақтар да алтыншы, жетіншідегідей
орындалады. Тек мұнда аяқпен есу керек.
Ескерту : есу кезінде екі қолдың барлық күші жұмсалады.
Қолдың басын, білекті тәсілге сай дұрыс ұстаудың маңызы зор.
5-
жаттығу. Жүзудің кроль әдісіндегі қолмен есу тәсілі
және оны тыныс алу жаттығуларымен үйлестіру.
Құрғақта. Қыздырыну және қол-аяқ жаттығуларының
еліктеу қимылын орындау.
Суда. Еркін әдіспен 50 – 100 м қашықтықты жүзіп өту.
1.Төртінші жаттығудағы 1, 2, 3-тармақтарды 4-6 реттен
қайталау.
2.Су бетінде ұзынынан жатқан жаттығушының әріптесі екі
аяғынан демеуі арқылы кроль әдісімен жүзу.
3.Осыны екінші үйренуші алмасып орындауы тиіс.
4.Су түбіне отыру, екі қолды алға созып, қалқып көтерілу,
бірнеше метр сырғыып барып, тағы да отыру.
5.Жоғарыда айтылғандар қайталанып, тек су ішінде дем
шығару жаттығулары орындалады.
Ескерту: егер 4 не 5 жолы ғана бар енсіз бассейн болса,
онда үйренушілерді бассейннің көлденеңінен жүздіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: