Ж. Қ. Қамысбаева суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата25.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#86510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
3-
жаттығу. 1. Кроль әдісімен шалқалап жүзудегі аяқ 
қимылдарын үйрену. 2. Жүзу тәсіліне машықтана түсу. 3. Кроль 
әдісімен етпеттей және шалқалай жүзудегі аяқ қимылдарының 
жаттығуын жетілдіру. 
Құрғақта. Қыздырылғаннан кейін кроль әдісіндегі аяқ 
қимылдарының маңызы түсіндіріліп, оның тәсілі орындалады.
Суда. Үйренуші өзі білетін әдіспен 50 – 100 м қашықтыққа 
еркін жүзіп өтеді. 
1. 
Қолды бассейннің ернеуіне немесе жерге тіреп, 
аяқпен есу қимылдарын 4 – 5
реттен орындау.
2. 
Шалқалап жатып, аяқпен есу қимылдарын орындау 
(4-
5 реттен). 
3. 
Су бетінде қолды алға созып жүзу. Екі рет 
қайталанады. 
4. 
Оң қолды қапталда ұстап, сол қолды созу арқылы су 
бетімен 5 – 6 рет жүзу.
Бұдан соң қолдар алмасады. 
5. 
Екі қолды қапталда ұстап, аяқтың есуімен су бетінде 
жылжу. 
6. 
Екі қолды қапталда ұстап, сәл шалқайып, арқамен 3 – 
4 рет екі-үш метрден жылжу. 
65 


7. 
Екі қолды алға созып, су бетінде 5 – 6 рет жылжу. 
8. 
Жұптасып орындалады. Бір-бірінің қолынан ұстайды
екеуінің бірі су бетінде ұзынынан жатып, аяғымен есу 
қимылдарын орындайды. Осы кезде оның шапшаңдығына 
байланысты екіншісі жүзіп отыру керек 3 – 4 рет қайталанады. 
9. 
Бірінші бала екіншісінің су бетінде ұзынынан жатуы 
үшін демеп, есу
қимылдарын жасауына жағдай туғызуы қажет. 
10. 
Терең тыныс алып, су бетінде жылжудың 
шапшаңдығы тежеле келе су астында
дем шығару 3 – 5 реттен қайталанады. 
11. 
Суға еніп, 40-50 рет дем шығару. Осы жаттығулардан 
кейін жүзуден жарыс өткізіледі. 
Ескерту: аяқ қимылдарын байқап, тыныс алу мен дем 
шығарудың дұрыс
орындалуын қадағалау қажет. Әр жаттығудан кейін 
жіберілген қателіктерді уақытында түзетіп отыру – үйренушінің 
жүзу өнеріне машықтана түсуіне және шеберлік құпияларын 
дұрыс меңгеруіне ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет