Спорттық жүзу – белгілі уақытта қимыл тәсілін қолмен
сипатталады. Сайыстар аумағы 25-50 метрлік бассейнде 25, 50,
100, 200, 400, 800, 1500 метр қашықтықта және жайдақ суларда
әр түрлі қашықтықтарда (50 метрден 25 шақырымға дейін) өтеді.
Жарыстарда жүзудің спорттық әдістері қолданылады. Олар
етпеттен және шалқалап жүзу, брасс, баттерфляй (дельфин)
әдістері.
Құрама жүзуде спортшылар төрт әдісті: баттерфляй
(дельфин), арқасымен шалқалап, брасс және кроль әдісімен
етпеттеп жүзуді қолданады. Алмасып жүзуде әйелдер – 4х100 м,
ерлер – 4х200 м. еркін жүзумен және 4х100 м. құрастырылған
әдістермен жүзеді. Мұнда алмасу
әдістерін қолданып төрт
спортшы жүзуге тиіс. Әркім 100, әлде 200 метрден жүзеді:
бірінші кезеңде – шалқалап арқасымен, екіншіде – брасс,
үшіншіде – баттерфляй (дельфин), төртіншіде – етпеттеп,
кеудемен жүзеді.
Қолданбалы жүзу – суға батып бара жатқан адамдарды
құтқару, қашықтыққа және тереңдікке сүңгу, сонымен қатар
кейде көмекші құрал-жабдықтармен өзен-көлдерден өту, суда
киіммен, киімсіз түрлі жүк тасу.
Суда өткізілетін ойындар балаларды жаттықтырғанда
кеңінен пайдаланылады. Балалармен
суда өткізілетін ойындар
ұстаздық бағытына қарай мынадай бөлімдерден тұрады: 1.
Судың кеңістігімен танысуға арналған. 2. Спорттық жүзудің
тәсілін жетілдіру мақсатында пайдаланылатын. 3. Суда жалпы
дене шынықтыруға бағытталған. 4. Қолданбалы жүзудің негізін
меңгеруге арналған. 5. Су добы ойынының тәсілдерімен
танысуға арналған. 6. Суға секірудің қарапайым тәсілін
меңгеруге бағытталған ойындар.
Көркем жүзу. Көркем жүзу орындалуы міндетті және
еркін құрастырылған бағдарламамен өтеді. Мұны жеке немесе
бір топ спортшы орындайды.
Қимылдың әрқайсысы баллмен
бағаланады. Еркін бағдарлама музыкамен сүйемелденеді.
Көркем жүзудің негізіне дара жаттығу, түрлі күрделі қимылдар
енеді.
Су добы – бір топ спортшының ойыны. Спортшылардан
жүзу шеберлігі және суда допты лақтыра білу талап етіледі. Бұл
6
ойынға арналған су айдыны көлемі – 20х30 метр, қақпалардың
өлшемі – 90см х 3 метр. Әр команда 13 адамнан құралады. Әр
командадан 7 адам ойынға қатысады. Сол санның ішінде бір-бір
қақпашы болады.
Жарыстың ережесі бойынша, ойыншылар ауысып тұрады.
Ойын төрт кезеңге бөлінеді. Әрбір кезең 7 минут.
Қақпашылардың ауысуына 2 минуттан үзіліс беріледі. Ойын
мақсаты – қарсыластардың қақпасына допты көбірек енгізу.
Суға секіру – қимылдың әсемділігін талап ететін,
спорттық және қолданбалы зор маңызы бар спорт түрі. Суға
секіру түрлері – спорттық серіппеде тұрып, 1 метр, 3 метр және
мұнарада тұрып 5 метр, 10 метр биіктіктен орындалатын секіру.
Спорттық емес секіру (үйрену), қолданбалы және күлдіргі
секіру.
Су асты спорты – арнайы құрал-жабдықтарды
пайдаланып, су астында жүзіп өтетін спорттың түрі.
Мұнда
қысылған ауамен дем алатын аспап, жарғақаяқ, бет перде немесе
көзілдірік пайдаланылады.
Судың астында өтетін спорт мынадай үш түрге бөлінеді:
1. Шапшаң жүзіп өту. 2. Су астындағы бағдарлау. 3. Су
астындағы аңшылық.
Термин дегеніміз қысқаша түсінік беру үшін
пайдаланылатын қажетті атаулар. Терминдер мамандардың
арасында пікір алысуды және мәселені талқылауды жеңілдетеді.
Терминдердің
ғылыми
және
күнделікті
тұрмысқа
пайдаланылатын түрлері бар. Ғылыми терминдер оқудың
сапасына, спорт түрлерінен мағлұмат алуға пайдасын тигізеді.
Жүзушінің спорттық тәсілін талдағанда пайдаланылатын
терминдер:
қимылы.
Кезең – айналымның аяқ-қол қимылдарында елеулі өзгеріс
болатын белгінің ұзақтығы.
Қарқын – белгілі бір уақытта орындалған айналым саны.
Ырғақ – айналым ішіндегі кезеңдердің арақатынасы.
Адым – жүзуші бір айналымда өткен қашақтық.
Олардың арақатынастары қол-аяқ қимылының толық бір
айналымы негізінен екіге бөлінеді: жұмыс қимылдары (есу)
7
және даярлық қимылдары. Жүзгенде қол-аяқ артқа қарай есу
қимылдарын орындайды.
Есудің әр кезеңінде
қол-аяқ бір уақытта иә төмен, иә
жоғары немесе артқа сілтінеді. Қол-аяқтың алға қарай
қимылдары – даярлық белгісі.
Жүзу тәсілін сипаттағанда арнайы қолданылатын кейбір
терминдер:
Тірек қимыл реакциясы – қол-аяқтың судағы қимылы
кезінде пайда болатын кедергі күш.
Тарту күші – қол-аяқтың судағы қимылы кезінде кездесіп
қалатын тең күші.
Дененің жалпы ауырлық орталығы – дененің барлық
буындарының тең салмағы түсетін нүкте.
Дене көлемі жалпы орталығы – дене суға батқанда суды
итеріп шығаратын күштің нүктесі.
Достарыңызбен бөлісу: