Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Эссе екіге бөлінеді:
1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 
2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша 
автордың көзқарасын ашу, таныту. 
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс 
елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 250 – 500 сөз, 1-2 беттен 
20 бетке дейін. 
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық 
шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін 
білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын 
туынды.
Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы 
ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі 
қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі 
компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) 
болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға 
көмектеседі.
Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай 
көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс 
берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай 
пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады. 
Эссенің кейбір белгілері: 
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы; 
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;


30 
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін 
білдіреді; 
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды; 
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі
атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой 
айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады; 
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – 
оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет