Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р


Эссе құрылымы мен жоспары



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Эссе құрылымы мен жоспары:
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады:
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис 
үлгісінде беріледі (Т); 
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер 
(аргументтер) (А) беріледі.
Дәлелдер (аргументы) - бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары
оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар 
пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған 
жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен 
бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік 
танытуы ықтимал.
Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады 
(тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен 
логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол 
дәлелденеді, сосын тұжырымдалады. 
Дәстүрлі қалыптасқан ережелерден эссе жазу кезінде оның тақырыбын 
таңдап алып жазуды ғана атауға болады.
Эссенің ішкі құрылымы ерікті түрде жазылады. Бұл жазба жұмысының 
шағын үлгісі болғандықтан, қорытындыны оның соңында қайталаудың қажеті 
жоқ, ол негізгі мәтінде немесе тақырыпта айтылып кетуі ықтимал. 
Дәлелдемелер мәселенің тұжырымдамаларын негізге алуы мүмкін. 
Мәселенің тұжырымдалуы соңғы қорытындымен сәйкес келуі ықтимал. 
Кез келген оқырманға бағытталған рефераттан эссенің айырмашылығы – 
ол белгілі бір адамның оқуына арналады. Сондықтан, «Мен ... туралы айтқым 
келеді» деп басталып, «Мен ... қорытындыға келдім» деп аяқталады. арналған 
реплика. Сондықтан, авторға қызметтік жағдайларды егжей-тегжейлі баяндамай, 
жаңа ой жазуға, оны ашуға мүмкіндік береді. Эссе жазудағы мақсат өзіндік 
шығармашылық ойлауды дамыту мен өз ойын жазбаша түрде бере білуге үйрету. 
Эссе жазу кезеңдері:
Проблеманы
1. анықтау 
2. ойлану 
3. жоспарлау
4. жазу 
5. тексеру 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет