арасындағы функционалды-семантикалық
қатынастарды және
тағы
басқаларды қарастырады. Ол синтаксистің құрамдас бөлігі ретінде соңғы
кездері ғана айтылып келеді.
Мәтін деп сөйлеуші мақсатына сай аяқталған ойды білдіретін бір
немесе бірнеше сөйлесімдер тізбегін айтамыз [8, 158].
Мәтін тілдің иерархиялық құрылымындағы ең жоғарғы деңгей бірлігі
саналады. Мәтін – күрделі семантикалық және синтаксистік құрылымы бар
сөйлеу туындысы. Ол мазмұн тұтастығы
мен ой тиянақтылығы жағынан
бүтіндік сипатымен ерекшеленеді. Мәтін бірнеше жекелеген сөйлемдерден
құралып, күрделі ойды білдіреді. Дегенмен, лингвистикада бір сөйленімнен
ғана тұратын сөйлеу туындыларының да мәтіннің ерекше түрі ретінде
қарастырылатын жайттары бар. Мәселен, О.Москальская, В.А.Кухаренко,
М.В.Никитин, М.Ахметова еңбектерінде мәтіннің көлеміне қатысты айтқан
пікірлерін саралай отырып, мәтіннің
максимальды көлемінің шегі жоқ, ең
кіші мәтін көлемі сөйленіммен тең түсетіндігін айтады. Мысалы:
– Ерні
кезеріп жатыр. Су ... –
С е с т р а ! ... – деді дәрігер айғайлап. Сырттан ақ
халатты қыз жүгіріп кірді (Ә.Нұрпейісов). Мұндай тілдік қолданыстардағы
бірнеше ой тізбегінің бір сөзбен, сөйлеммен берілуін түсіндіруде контекст
пен жағдаяттың атқаратын рөлі зор. Тағы бір мысал:
Бархан қой соңынан
ерген жылдарда қаншама су ақты, қаншама жапырақ сарғайды, қаншама
рет құстар келіп қайтты ... (О.Бөкей) деген
мәтін арқылы білдірілетін
белгісіз созылыңқылық – «Барханның бірнеше жыл қой бағу» әрекеті тұтас
мәтін мазмұнынан туындап жатқан мағына болып табылады.
Сөйлемдегі ой тиянақсыздығы мен мазмұнның берілуі немесе оның
толық ашылуы екінші бір сөйлемнің ықпалын қажет ететін, сөйлемнің
тәуелділігін көрсететін ұластырушы тілдік бірліктер арқылы жүзеге асатын
бірнеше сөйлемдер тізбегінен тұратын мәтін арқылы көрінеді. Сөйлем
құрамында оның контекстке тәуелділігін көрсетіп тұратын белгілері болады.
«Қазақ тілінде ондай
көрсеткіштерге есімдіктер, шылаулар, қыстырма-
модаль сөздер, сан есімдер, үстеулер, сөйлем құрамында «иесі» қатыспай
тұрған тәуелдік тұлғадағы сөздер жатады. Бұлардың синсемантикалық
реңктері әр түрлі болады: бірінде айқын, бірінде көмескі» [9, 58].
Мысалы:
Олар үйлеріне түн жарымда кеп от жағып, ыстық қаумет
жасап ішіп, ақыреттей суық көрпенің астына кіріп, көздері ұйқыға
кеткенше бойлары жылынбайтын.
Жылынбаған бойы ұйықтап кетеді.
Тістерінің сақылдағаны қатты ұйқыға кеткенде ғана тоқталады.
Түстеріне лаулаған от, ыстық монша кіреді.
Бойлары енді жылынғанда сібірлеп таң атып, бұлар орындарынан
тұрып кетеді.
Ертең тағы да осы күн (Д.Исабеков). Осы мәтінде соңғы сөйлем
арқылы түйінделген қимылдың қайталану мағынасы алдыңғы сөйлемдер
арқылы түсіндірілген. Яғни күнделікті қайталанатын әрекеттер санамалап
көрсетіліп, мәтін соңында бір ғана шылаудың (жалғаулық пен демеулік)
қызметі арқылы алдыңғы сөйлемдер мен соңғы сөйлем арасында мағыналық
тәуелділік
пен байланыс орнап, олар өзара тұтас тиянақты ойды беретін
мәтін түзген. Әрине, мәтін құрамындағы кейбір сөйлемдерде кездесетін
қимылдың қайталануынан хабар беретін грамматикалық көрсеткіштердің
болуы тұтас мәтін арқылы берілетін мазмұнды толықтыруға, нақтылау мен
күшейтуге қызмет етеді. Мағыналық тәуелділікке ие соңғы сөйлемді мәтіннің
алдыңғы бөлігімен байланысқа түсіріп, ұластырушы қызмет атқарып тұрған
Достарыңызбен бөлісу: