керек; екіншіден, бір сөзді екінші өзге байлап беретін жалғаулар бар, соны
дұрыс жалғау керек» [3, 41]. Бұл аталғандар валенттілік теориясы шеңберінде
қарастырылатын мәселелер болып табылады. С.Аманжоловтың еңбегінде де
синтаксистің басты нысаны болып табылатын
сөйлем және оған берілген
анықтама, сөз таптарының сөйлем мүшесі қызметін атқаруындағы
ерекшеліктері және т.б. қарастырылды.
Қазақ тілінің синтаксис мәселелері 3-кезеңде құрылымдық жағынан
терең зерттеліп, өз межесіне жетті. Басты синтаксистік бірліктер сөз
тіркестері, сөйлем сөйлеуден тыс, оқшау алып қарастырылды. Сөйтіп,
тұлғалық (формасы) түзілісі, олардың бір-бірімен
синтаксистік-мағыналық
қатынастары жеке-дара сипатталды.
Қазақ тілтанымында М.Балақаев есімі сөз тіркесі синтаксисі саласымен
бірге айтылады. Себебі сөз тіркесі синтаксисін синтаксистің бір саласы
ретінде тек қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітанымда жеке
қарастырылуына М.Балақаевтың зерттеулері негіз болды. Ол өз еңбектерінде
сөз тіркесі синтаксисіне қарастырылуы керек нысандар мен категорияларды,
сөз тіркесі болудың шарттарын, яғни оған тән белгілерді айқындап берді [4,
327-522]. Сөйтіп, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарына қарай қазақ
тілтанымында сөз тіркесінің синтаксистегі орны белгіленді.
Р.Әмір сөз тіркестерін құрылымдық жағынан байланысу формаларына
қарай төмендегіше жіктейді:
1) қабыса байланысқан сөз тіркестері: «сын есім + зат есім» типті сөз
тіркестері, «зат есім + зат есім» типті сөз тіркестері, «сан есім + зат есім»
типті
сөз тіркестері, «есімдік + зат есім» типті сөз тіркестері, «есімше + зат
есім» типті сөз тіркестері, «үстеу + зат есім» типті сөз тіркестері;
2) матасу амалы арқылы байланысқан сөз тіркестері және олар іштей
синтаксистік қатынастың түріне қарай семантикалық жағынан сараланды
(меншіктік қатынас, бүтіннің бөлшегі, зат пен заттың арсындағы қатынас);
3) меңгеріле байланысқан сөз тіркестері (есімді және етістікті сөз
тіркестері) және т.б. [5, 13-42].
Р.Әмір сөйлемдерді құрылымдық жағынан бір негізді және екі негізді
деп ажыратса, айтылу мақсатына қарай
хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті
сөйлемдер деп ажыратады. Сонымен қатар,
сұраулы сөйлемдерді қызметі
жағынан (негізгі сұрақты білдіретін, жетек сұрақты білдіретін, анықтаушы
сұрақты білдіретін сөйлемдер) және мағынасына қарай (ашық сұрақты
білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, риторикалық сұрақты білдіретін
сөйлемдер) тағы да іштей саралайды.
Р.Әмір
жай
сөйлемдерді
құрылымдық
жақтан
ғана
емес,
коммуникативтік
қырынан
да
қарастырады.
Алдымен,
сөйлемді
коммуникативтік тұлға деп тани отырып,
пікір мен сөйлемді өзара
салыстырады және олардың қарым-қатынасына мән береді. Осылайша,
синтаксистік құбылыстарды қарастыру құрылымдық әрі функционалдық
сипатта болды.
Жай сөйлем синтаксисіне қатысты мәселелер ары қарай тереңдетіле
Т.Сайрамбаев, А.Аблақов еңбектерінде жалғасын тапты. Т.Сайрамбаевтың
сөз тіркесіне қатысты зерттеулерінде сөз тіркестерінің күрделену жолдарына,
сөз тіркестерінің байланысу формаларының ауысуы мәселесіне, оның
себептеріне наза аударса, сонымен қатар 1991
жылы жарық көрген
«Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» атты еңбегінде сөйлемнің бастауыш пен
баяндауыш мүшелеріне қатысты теориялық мәселелер қамтылды [6].
А.Аблақов бір ғана байланысу формасы, меңгеру негізінде жасалған
қазақ тіліндегі есімді және етістікті сөз тіркестерін құрылымдық және
семантикалық аспектіден қарастырды. Сонымен қатар, қазақ тілі сөз тіркесі
синтаксисі саласында әр сөз табының бағыныңқы
сыңарда келуі және
басыңқы сыңардағы валенттілігі сияқты мәселелер жеке-жеке А.Тұрарова,
М.Жолшаева,
Ы.Балқымбаева,
М.Әлиева
т.б.
кандидаттық
диссертацияларына негіз болды. 1990 жылдарға дейін жай сөйлем
синтаксисіне қатысты жазылған еңбектер қазақ тілтанымында оның
құрылымдық жағынан мәресіне жете зерттелгендігін көрсетеді.
Синтаксис – кешенді құбылыс, сондықтан да оның әр түрлі қырынан
қаралуы заңды болып табылады. Сонымен қатар,
сөйлеу әрекетінде
байқалатын бірқатар синтаксистік құбылыстарды түсіндіру үшін олардың
қолданысын ескермесе, таза құрылымдық немесе семантикалық тұрғыдан
табиғатын айқындау мүмкін болмайтын жағдайлар аз кездеспейді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: