лингвистикалық зерттеулерде басымдыққа ие болып отырған тілдің
қызметін, сөйлеуді ғылыми парадигма бойынша антропоцентристік бағыттың
тіл мен адамды бөліп жармай, өзара тығыз бірлікте алып қарауға негізделген
басты ұстанымына толықтай сай келеді.
Адам тілдік құралдарды пайдасына жаратпас бұрын, өз мақсатын
айқындап, соған сәйкес келетін тіл бірліктерін өзара ұйымдастыра отырып,
сөйлеу бірлігін тудырады. Ендеше, тілдің табиғатын толық және дұрыс тану
үшін оны
статикалық қалыпта ғана емес, оның «жанды қалпын» – сөйлеу
үдерісін, сөйлеушінің прагматикасын және коммуникативтік талаптарды
ескере отырып қарастыру қажет.
Тіл бірліктерінің сөйлеудегі жұмсалымын қарастыру тілдің
коммуникативтік мәнімен байланысты және тіл бірліктерінің семантикалық
жақтан қолданыс аясы шеңберінің анықталуы олардың мағыналық жүкті
көтеру әлеуетін тануға мүмкіндік береді. Сөйлемдерді оның қолданысы
тұрғысынан
қарастыруға қатысты коммуникативтік деген термин де
қолданады. Бұл туралы Ж.Жақыпов былай деп жазады: «Сөйлемге
коммуникативтік тұрғыдан қарау деген сөз – оның
функционалды
мүмкіндігін қарау, сөйлемді сөйлеу единицасы ретінде контекст арқылы
динамикалық тұрғыдан түсіндіру деген сөз» [3, 12].
Синтаксистік бірліктер құрылымдық аспектіде статикалық қалыпта,
ортамен байланыссыз қарастырылса, функционалды
аспектіде олар сөйлеу
деңгейінде, динамикалық тұрғыда алып зерттейді. Мұнда синтаксистік
бірліктер және олардың сөйлеудегі қызметі, жұмсалымы немесе қолданысы
сөйлеу жағдаятымен, мәнмәтінмен бірлікте зерттеледі. Сөйлеу жағдаяты
тілден тыс, контекстік орта тілдік болып табылады.
Бұдан біріншіден,
ортаның екі түрлі – тілдік (парадигмалық) орта және сөйлеу ортасы (тілдік
емес) болатындығы, соңғысының күрделі екендігі көрінеді. Екіншіден,
синтаксистік бірліктер қызметі үшін міндетті түрде ортаның қажет екендігі.
Басқалай айтқанда, синтаксистік бірліктердің жұмсалымы белгілі бір ортада
жүзеге асады.
Синтаксистік бірліктер коммуникативтік аспектіден қарастырылғанда
екіге сараланады:
коммуникативтік бірліктер және коммуникативтік емес
біріліктер. Ең кіші коммуникативтік синтаксистік бірлік сөйлем болып
табылады. Сонымен қатар, олардың
қатарын құрмалас сөйлемдер, мәтін
толықтырады. Ал коммуникативтік емес бірліктер қатарына сөз формалары
мен сөз тіркестері жатады.
Синтаксистік
бірліктерді
зерттеудің
логикалық
аспектісі.
Синтаксистің басты нысаны болып табылатын сөйлем – ойды жарыққа
шығарудың құралы. Яғни логиканың нысаны болып табылатын байымдау
категориясының тілдегі көрінісі сөйлем болып табылады.
Сонымен, синтаксистік бірліктер құрылымдық аспектіден құрамы мен
түрлеріне, сөздердің, сөйлемдердің өзара
байланысу тәсілдеріне қарай
анықталады. Ал семантикалық аспектіде олардың (сөз, сөз тіркестері,
сөйлем) өзара тіркесуінен туындайтын синтаксистік қатынастар тұрғысынан