рефлексия, аттракция.
Идентификация
Идентификация, бұл - адамның саналы немесе бейсаналы түрде басқаға өзін
ұқсастыру, теңестіру, өзін оның орнына қою арқылы түсінуі болып
табылады. Қарым–қатынас барысында адамдар басқалардың ішкі күйін,
сезімдерін, ойлары мен ниеттерін, өзін оның орнына қойып көру арқылы
болжап, жорамалдай алады. Идентификацияда басқа адамның құндылықтар
нормасы,
мінез-құлқы,
талғамдары
мен
дағдылары игеріледі.
Әсіресе,
жеткіншектік кезеңде оның мәні зор.
Эмпатия
Эмпатия басқа адамды «сезіну», оның эмоциялық күйіне ортақтаса білу. Бұл
терминді психологиялық ғылым айналымына енгізген Э.Титченер болды.
Қазіргі таңда бұл өте көп қырлы термин, ол мыналарды білдіреді:
• адамға басқа адамның тебіреністерін тҥсінуге мҥмкіндік беретін психикалық
процесс – эмпатия таным механизмі ретінде;
• адамға ерекше түрде қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін іс-әрекеті-
эмпатия басқа адамға көңіл қоюдың ерекше түрі ретінде;
• тұлғаның қабілеті, қасиеті – эмпатия адамның сипаттамасы ретінде, дәлірек
айтқанда, «эмпатиялылық» деуге болады.
Әлеуметтік рефлексия
Әлеуметтік рефлексия, бұл – қарым қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай
қабылдайтынын түсінуі. Басқалар мен жайлы не ойлайды деген түсінік –
әлеуметтік танымның маңызды сәті. Бұл басқаны ол мен жайлы не ойлайды
арқылы тану, өзіңді басқаның жорамалданған көздері арқылы тану. Қарым-қатынас
шеңбері неғұрлым кең болса, соғұрлым оны басқалардың қалай қабылдайтыны
жайлы әртүрлі түсініктер де көп болады және адам өзі мен басқалар жайлы көп
білетін болады. Серіктесті өзіңнің ішкі әлеміңе енгізу – қарым-қатынас процесіндегі
өзін-өзі танудың ең эффективті бастамасы.
Аттракция
Аталмыш контексте бұл термин қарым-қатынас серіктесін оған деген
терең сезімнің негізінде түсіну механизмін білдіреді. Бұл жерде сезімнің
қандай түрде болатынының маңызы жоқ: бөтен, жат адамға қарағанда
досыңды
немесе
жауыңды
түсіну
оңай.
Аттракция
адамға
деген
«объективті» көзқарасты қалыптастыруға кепілдік бермейді, ол оның
сезімдерін, күйлерін, өмір туралы түсініктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастағы қабылдау
эффектілері
Қарым-қатынастағы серіктесті қабылдаудағы қателіктер, оның бейнесін
бұрмалаумен қатар, оған деген жалпы көзқарасқа зор ықпал етуі мүмкін.
Психологияда бұл қателіктерді көбінесе «қабылдау эффектілері» деп атайды.
Эффектілер мен қателіктер мәліметтердің жетіспеуі кезінде немесе іскер
адамның оны дұрыс пайдалана алмағандығынан пайда болады. Іскер адам
үшін алғашқылық, жаңалық, ореол эффектілері, гало эффект, каузалды
Достарыңызбен бөлісу: |