Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет30/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Психикалық құбылыстар – ми қасиеті. Оны жоғарғы жүйке әрекеті 
үрдісімен тығыз байланыста оқу керек.
Адамның жүйке жүйесі күрделі құрылымды. Ол жүйке орталықтары мен 
барлық жұқа тармақтармен таралған перифериялық жүйкелерден тұрады. 
Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Бас миының үлкен 
жарты шарлары қабығы жоғарғы жүйке әрекетінің мүшесі болып табылады. Ол 
орталық жүйке жүйесінен төмен бөлімдерден қозады және барлық жүйке 
үрдістеріне әсер етеді. 
Жүйкелер орталық жүйке жүйесін қабылдау мүшелерімен (көзбен, 


51 
құлақпен, терінің сезімтал түйсіктерімен, бұлшықтармен) және жұмыс 
мүщелерімен (бұлшықтармен) байланыстырады. 
Адамның жүйке жүйесі екі негізгі функция атқарады: ағзада әртүрлі 
мүшелер қызметін басқарады және сыртқы әлеммен қатынасын реттейді. И.М. 
Сеченевтің ұсынған теориясы бойынша бұл басқару және реттеу функцияларын 
жүйке жүйесі рефлкес түрінде жүзеге асырады. 
Рефлекс деп ағзаның сыртқы немесе ішкі орта жағынан қозуға көрсететін 
реакциясын айтады. Барлық рефлекстер орталық жүйке жүйесі қатысымен 
жүзеге асады. Рефлекс үш звенодан тұрады. Бірінші звено – сезім мүшелерінің 
қозуы және миға сигнал беру, екінші звено – миға түскен ақпаратты өңдеу, 
үшіншісі – импульс беру және орындаушы мүшенің жауапты реакциясы.
Орыс физиологя И.П. Павлов И.М. Сеченевтің ілімін жалғастырып
шартты рефлекстер теориясын және екінші сигналды жүйені құрастырады. Бұл 
теория мәні бойынша рефлекстер жүйке байланыстар сипаты бойынша шартты 
және шартсыз болады. 
Шартсыз рефлекстер – бұл туа біткен рефлекстер. Олар қоздырғыш және 
жауапты реакция арасындағы тұрақты байланыспен ерекшеленеді. Адамның 
өмірі бойы олар мүлдем дерлік өзгермейді. 
Күрделілігіне байланысты шартсыз рефлекстер жай және күрделі болады. 
Жай рефлекстерге жөтелу, түшкіру жатады, күрделі – тағамдық, қорғану, 
бағытталу, зерттеу, ұқсау және т.б. жатады. 
Күрделі шартсыз рефлекстер адам өмірінің негізгі қорын құрайды. 
Тағамдық рефлекске байланысты адам ағзасына қажетті барлық заттар түседі. 
Зерттеу рефлексімен миға сыртқы әлем туралы ақпарат ағымын қамтамасыз 
етеді. 
Шартты рефлекстер адамның өмірі бойы түзеліп қалыптасады. Бұл 
рефлекстер шартсыз рефлекстерге қарағанда қоздырғыш пен оған реакция 
арасында уақытша байланыспен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет