48
бойынша нөмірлерді тарату мен қонақ үйдің орташа жылдық жүктемесінің
пропорциясын ескеріп, ADR (Average Daily Rate) негізінде есептелу керек.
Операциялық шығындар ішіне жалақы мен персонал бойынша міндетті
қаржы есептемелері; персонлмен
байланысты басқа да шығындар; жөндеуге
кеткен шығындар; нөмірлік қордағы аксессуарға шығындар (сусабын, сабын,
нөмірдің безендірілуі және т.б.); жақтас ұйымдардың келісімдегі қызметтерге
шығындар; кір жуу мен тазалау шығындары; алдын-ала тапсырыс беру және
басқалары кіреді. Тамақтану бөлігінде қонақ үй бюджетінің есебі нөмірлік қор
бюджетінің септі статистикалық мәліметтеріне
негізделу керек және
маусымдылық ескерілу керек. Нөмірлік қордың жүктелуі нәтижесінде мысалы,
нөмірлерді сату кезінде өткізілген таңғы астар мөлшері есептеледі. Тамақтану
кешенінің операциялық шығындары тағамдар мен сусындар құнынан; жалақы
мен персонал бойынша міндетті есептемелер; персоналмен қатысты шығындар;
шығын материалдарына шығындар; фарсор, шыны, ас аспаптары мен тоқыма;
жақтас ұйымдардың келісімдегі қызметтерге шығындар және басқалары кіреді.
Осыған
ұқсас
есептемелер
қонақ
үйдің
барлық
табыс
көздері
бойыншажүргізіліп, қонақ үйдің жинақтық бюджеті есептелу керек.
Концепцияның қорытындысында
құрылатын бизнестің құнын бағалау
бөлімін қарастыру керек. Бұнда нысанның шекті құнын анықтау керек, ол
пайданың өсуі ескеріліп, нысанның негізделген құны болып табылады. Бұл
сома нысанның сатылу құнын бейнелейді және оның әрекетінің негізгі
көрсеткіштері бойынша қалыптасады.
Концепцияны құру нәтижесінде құрылыстың барлық маңызды
шығындарын азайтатын,
екінші жағынан шағындарды, соның ішінде
материалды және бизнес-жоспарды құру уақытын азайтуға мүмкіндік береді.