Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Имидж қалыптасуының негізгі кезеңдері мен құралдары



Pdf көрінісі
бет99/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Имидж қалыптасуының негізгі кезеңдері мен құралдары. Кәсіпорын 
бейнесінің қалыптасуы – осы саладағы мамандардың (маркетологтар, жарнама 
құрушылар) ісі ғана емес. Кәсіпорын имиджі осы бағытта ұйымдастырылатын 
акциялар мен шаралар негізінде ғана қалыптаспайды. Өндірілетін тауарлар мен 
көрсетілетін қызметтер сапасы, персоналдың өз басшысына, тұтынушыларға, өз 
жұмысына қатынасы имидж құруда аса маңызды. Екінші жағынан имидж 
кәсіпорынға тек ішінара ғана тиесілі – фирмалық стильдің визуалды 
атрибутикасы ретінде, басқа жағы PR құралдарымен құрылып, тұтынушының 
санасында жүреді. Егер кәсіпорын өз имиджін құрумен айналыспаса, 


150 
тұтынушылар өз ойларымен кәсіпорын үшін әрқашан да сәтті емес имидж 
нұсқасын құрып алады. 
Оңтайлы имидж адекватты, өзіндік, иілгіш және нақты мекен жайы болуы 
керек. Адекватты болу – кәсіпорының тұрақтанған бейнесіне немесе 
ерекшелігіне нақты сәйкес келуі. Өзіндік болуы – басқа кәсіпорындар, әсіресе 
біртекті кәсіпорындар бейнесінен ерекшелену керек. Иілгіш болу – яғни 
ескірмеу, сәннен шықпау, өзгере отырып, өзгермеген қалпын ұстау. Нақты 
мекен жайы болуы - белгілі-бір мақсатты аудиторияға, яғни бар және ықтимал 
тұтынушыларға көрнекті болуы.
Имидж қалыптасуының негізгі кезеңдері: 
 Имидж қалыптастырудың мақсатын анықтау; 
 Мақсатты аудиторияны анықтау, оның жасын, қызмет тегін және т.б. 
зерттеу; 
 Имидж концепциясын құрастыру (басты принциптері, кәсіпорынға және 
оның тауарларына тән және тұтынушыларға маңызды мотивтері мен 
құндылықтары); 
 Аталған имиджді қалыптастыру үшін кәсіпорын мүмкіндіктерін бағалау; 
 Имиджді қалыптастыру, енгізу және тұтынушылар санасында бекіту; 
 Имидж күйін бағалау, бағдарламаны өткізуді бақылау. 
Имиджді қалыптастырудың негізгі құралдары: 
 Фирмалық стиль – имидж негізі, оның қалыптасуының басты құралы; 
 Көзге көрінетін құралдар – имидж қалыптастырудың дизайнерлік 
тәсілдері, соның ішінде қаптама құру, витриналарды, көрмелерді 
рәсімдеу, хабарландыру макеттерін құрастыру; 
 Түпнұсқа – макеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлық позицияларда 
тұрақты болып қалатын бір элементі макеттер сериясын танымал етеді. 
Түс те маңызды орын алады. 
 Сөз құралдары – тұтынушы қажеттілігіне бағытталған арнайы таңдалған 
стилистика. 
 Жарнама құралдары – қолайлы қатынас қалыптасуына ықпал ететін әрбір 
нақты жағдайда қолданылатын жарнама құралдары. 
 PR- шаралары - кәсіпорын мен қоғам арасындағы өзара түсінушілікті 
орнату және күшейту бойынша ойластырылған, жоспарланған және 
тұрақты күштер. Бұл көрмелер, презентациялар, пресс-конференциялар, 
спонсор шаралары. PR-компанияларды жүргізген кезде кәсіпорын 
ерекшелігі жүргізілетін шара ерекшелігіне сай болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет