20
Әдеби KZ
алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп
жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз
алдыма да сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек
жаңғырып,
жанымды жай таптырмай отыр. Көзге ыстық көне суреттерді қайта қарағандай, соның бір-
екеуін келтіре кетейін.
...Міне Үбиан әпкем үлкен үйден шықты да, қазан басына бет алды. Мен оны көре сала
борсаңдап, сүріне-қабына еркелей жүгірем. Әпкем аяғымды жерге тигізбей қағып алып,
аспанға көтереді. Мен сықылықтай берем. Әпкем биікке мені бой создырып мәз болады.
Сонан соң ол кенет ет бауыры елжіреп
мені қамзолының омырауын ашып, қойнына
жасырып алады да, жүгіре жөнеледі. Бауыр құшағы қаңдай ыстық еді, шіркін...
Енді бірде ортаншы әпкем Әлиман мені ойнатып жүріп, үйдің ескі-құсқысынан дөңгелек
қора жасады. Сол қораға еліктіріп әкеп қамап, аузын ермен бекіткені бар.
Өзі көрші
қыздармен кетіпті. Содан қоршаудан шыға алмай, жалғыз өзім бақыра беріппін, бақыра
беріппін. Бұл «азаптан»
жеңгем келіп құтқарып, «әй, жаман қыз-ай!» — деп әпкемді
жазғырып, мені әлдилеп еді. Көпке дейін ортаншы әпкемді жек көріп жүрдім...
* * *
Әлі есімде... Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің
ортасында арлы-берлі жүріп алды. Мен болсам зәре құтым қалмай қорықсам да, тіземді
бүкпей қаздиып тұра беріппін. Көкем «Қаз! қаз!», — деп өзімен-өзі. Атамның ескі түлкі
тұмағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем ғой. Өзі киізге жайғасып
алып ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. «Ал, кәне, балапаным?
Қанаттанып қашан
ұшасың?..» деп қояды. Мен қыңқылдап жылай бастағанымда, «дуана келіп қалады» деп
қорқытқан... Содан бастап көкемнің көзіне түспеуге тырысатынмын...