Әдеби KZ
Жұмсақ шашы желкесіне түйіліпті. Ақ жағалы қара көйлегі жер сызады.
Қынай бұған
барқыт белбеуі мықынын айқындай түседі екен. Жоғарыдан бір түрлі тәкаппар
қарағандай сезілді. Осылайша ол мені көрді.
— Бері келші, балақай, — деп шақырды ол мені. Қасына бардым. — Міне, бері қараңдар,
оқушылар, — деді ол өзгелеріне, — мына қазақ баласы бізде оқитын болады.
Сендер зәбірлеп жүрмеңдер, араларыңдағы жалғыз қазақ қой.
Өздеріңдей көріп,
өгейсітпеңдер. Бұл — біздің Гончаровтардың танысының ұлы.
— Бұл орысшаны аздап түсінеді, — деді Василий мен үшін жауап беріп.
— Жарайды, жақсы екен. Онда енді оқуға кірісеміз, —
деп мұғалім мені көкшіл көз,
шашына бантик байлаған қыздың қасына отырғызды.
Мен отыра бергенде, әлгі қыз одырая қарап, партаның екінші шетіне сырғыды.
Сабақ басталды. Мұғалім әліппені ашты да, тақтаға қасымдағы қызды шақырды. Ол үй
тапсырмасын тақылдап айтып берді. Бормен қара тақтаға үлкен
әріптің жазылғанын
тұңғыш рет сонда көрдім. Қыз бірнеше сөз жазды да, оны
өшірген соң орнына келіп
отырды. Тақтаға тағы бір бала шығып, әлгі сөздерді жазып еді, талай қате жіберіпті.
Мұғаліміміз сол арада түзетіп көрсетті... Әрине, мен оның көбін түсініп отырғам жок.
Мектебіміз мені баяғыдан қоңырау үнімен елеңдетіп жүрген шіркеудің қарсысында екен.
Кәдімгі қам кірпіштен салынған еңселі үй. Күмбезденіп ойылған үлкен жиектері бар.
Баспалдақтары ағаштан жасалған екен. Төбесі темірмен түнікеленген. Оның үстіне
ағаштан соғылған үйшік бар. Үйшік толған үлкенді-кішілі қоңыраулар. Ең төбесінде айқыш
темір қадалған күмбез. Шіркеудің іргесіндегі топтың үйі. Аумағы екі-үш үйдің жеріндей
көсіліп жатқан шіркеу өзге үйлерге төбеден қарап тұрғандай сұсты көрінді.
Сабақ арасындағы үзіліс кездерінде балалар осы шіркеудің алаңында ойнайтын.
238
Әдеби KZ
Екінші сабақта мұғалім оқушыларға тапсырма берді де, мені. шақырып алып қасына
отырғызды.
Әліппені ашып, жеке түсіндіре бастады.
— Көрдің бе, әліппені біледі, — деді Василий қасындағы балаға.
Мұғалім менен әліппені сұрады. Алфавиттің бәрін айтып бердім. Мұғалім ретті жерінде
түзеп отыр. «Ве, Ка, Ха, Це, Ша, Ща, Че, Ю» деп ол мен
дұрыс айтпаған әріптерді
қайталады. Сонан соң әлгі әріптерді әдемілеп жеке жазды да:
— Міне, осыларды жаттап кел. Оқу мен жазуды кейін бастармыз.
Енді ол әліппені ашты да, бір бетіндегі жазуды жаймен оқып шықты.
Мағынасын
түсіндірді. Оқушылардың өздеріне оқытты.
Үшінші сабақ— есеп екен. Қызықты өтті. Сабақ алдында мұғалім үйге берген тапсырманы
шығардыңдар ма, деп сұрады. Оқушылар шығарып келіпті. Мұғалім тақтаға есеп жазды.
— Бәрің де осылай жазып келдіңдер ме? — деп сұрады.
— Бәріміз де, — деп шу ете қалды оқушылар.