Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет135/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144
Әдеби KZ 
бұйымдарын бұлғақтатып, көзіңді қызықтырады. Онан әріректе өрік-мейіз, жаңғақ- 
жармаларын сапырыстырған өзбектер жалаңдайды. Бір бүйірде пияз-шөптерін бумалап 
орыстар отыр. Тағы бір жерде месті бүлк-бүлк қозғап қойып, қою қымызын кесеге 
лықытып қияқ мұрт қазақтар отыр. Сеңмен бірге қозғалып жүре берсең, алдыңнан 
әңгелегін аспанға лақтырған қауыншылар шығады. Астық сатқан адамдар қабының аузын 
қайырып қойып, таразы мойнын тартқылайды. 
Мал базары бүйірлеу тұста екен. Түліктің түріне орай мұнда да қосақ-қосақ қой, 
қатарласқан жылқы, қайқы мүйіз сиырлар бөлек-бөлек. Сатушы мен алушы алақандарын 
сарт-сұрт соғып, бастарын дамылсыз шұлғысады. Араларында дәнекер боп дәм татып 
жүрген делдалдар қаншама! 
Әкем алғашында мені адасып кетпесін деп жетелеп жүрді. Аздан соң бойым үйренгенін 
көріп, еркіме жіберді. Қолыма екі-үш күміс теңге де ұстатты. Тоқайласар жерімізді 
белгілеп, пысықтап қояды.Мен өз билігім өзіме тиген соң, әр қатарға түсіп алып, базардың 
бұрыш-бұрышына дейін қоймай араладым. 
Осылайша орыстар отырған қатарды аралап таңырқап келе жатқанымда, біреу көзімді 
баса қойды. Мен бұлқынып босанбақ ем, оған болмады. Сөйтсем, өзімнің Василий досым 
екен. 
-— Жүр, — дейді ол қолымнан тартып, — анау жерде әкем мен шешем отыр. Соған 
барайық. 
Сөйтсем, бір шетте арбасын қарбызға толтырып, білек сыбанған Гончаровтар тұр екен. 
Сауданың қызғаны сонша — Василийдің шешесі біздің келгенімізді аңғарған да жоқ. Біз 
досымыз екеуміз арбаның көлеңкесіне отырып бір қарбызды жарып жедік. Біздің 
қарсымызда бір топ орыс жігіттері тізерлеп отырып алып, арақ ішуге кірісіпті. Одан 
шеткеріректе орамалдарын шарт түйінген күлім көз орыс қыздары сыбырласып күледі. 
Алдарында бұйра шаш, кестелі көйлегінің қисық жағасы жайлауға кетіп мәз болған орыс 
жігіті қобызын созып, ән айтады. Қыздар қылымсып, тылсым күлкілерімен арбап 


222 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет