138
Әдеби KZ
Қаптың аузы бос тұр деп,
Құрт ұрлама, келіншек.
Өзің жатып байыңды.
Тұр-тұрлама, келіншек.
Бір нәрсеге керісіп,
Сұңқылдама, келіншек.
Ер атағын ескермей,
Еріңе сен дec бермей,
Әрбір сөзін өш көрмей,
Ерте кетіп, кеш келмей,
Ынтымақта бол дейін.
Ата жолы сол дейін,
Өсиетті ұмытсаң,
Жарық сенің қор дейін...
Осы тұсқа келгенде жұрт ішінен бір кемпір:
—
Айналайын-ай, ел көкейін тауып айтып отыр ғой,
көп жасағыр, — дей берді. Өтеп
термесін жалғастырып отыр:
Ал, ағайын, ал дейін
Келініңіз бал дейін.
Бет ашайын тап
қазір
Көрер көрік бар дейін.
139
Әдеби KZ
Оған дейін, шырағым,
Маған сәлем сал дейін.
Өтеп осы тұста әпкемнің басындағы төгіліп тұрған сәлкеш орамалын, қолындағы оқтаудың
ұшымен іліп алып көтеріп тастады. Жұрт жамырап бата бере бастады. Үбиан әпкем иіліп
сәлем салып тұр.
— Көп жаса, балам.
— Алдыңнан жарылқасын.
— Ізетіңе ризамыз.
— Әмісе солай бол, шырағым!
— Үлкенді сыйлаған қор болмас!
— Босағаң құтты болсын.
— Етегіңе бала жармассын.
— Еліңнің сүйіктісі бол.
Ел осылайша дүркіресіп отырғанда, Өтеп алдына жиналған
ақшаларды жиып алып
сытылып шығып бара жатқан. Бес-алты құрдасы қуа жөнелді.
— Ә, қу, бізді құралақан қалдырмақпысың?— Тәбәрік болсын, бізге де бірдеме бер.
— Мынауың ырымға жаман ғой.
— Біз де саған тілеулес боп отырдық қой, — десіп сыртта Өтепті ортаға алып жатыр.
Анау құтылмасын білді-ау деймін, үлестіріп тынған сияқты.
Осылайша
отқа май құйылып, Үбиан да ошақ иесі болып шыға келді. Келіндерін ел оң
босағаға жайғастырып, жаңадан дастарқан жая бастады.