Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

екен (Ғ.Мүсірепов. "Жол-жөнекей"). Фразеологиялық тіркестің тұрақты
сыңарын өзгерту арқылы жазушы қаламы не ұтты? Біріншіден,
фразеологизмнің дағдылы мағынасына үстеме мағына, дәлірек айтқанда,
семантикалық структурасына "көп", "мол" деген жаңа сема қосылды.
Екіншіден, мұндай өзгерістен жылы юмор, жеңіл күлкінің табы сезіледі.
Жазушының тіл кестесінде фразеологизмнің лексикалық
құрамындағы сөздердің бірін синонимдес немесе мағына өрісі бір
сөздермен ауыстырып отырады. Мұндай түрлендіру жалпытілдік
қолданыстағы жаңғыртуға ұқсас болғанмен, қалайда бір мақсатқа тәуелді
болып тұрады. Мысалы, жазушы ұпайы түгел деген фразеологиялық
тіркесті асығы түгел деп өзгертуі кездейсоқ емес.
Жарық айлы бүгінгі түн қаралы, қанды түн болды. Өз намысы
оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына итаршылық
жасады да, жайрап түсті қос арыс (М.Әуезов. "Барымта").
Ұпай, асық сөздері синонимдес болмаса да, мағыналық өрісі бір (бір
тематикаға жатады). Контекске зер сала қарасақ, жазушының
фразеологиялық тіркесті асығы түгел деп өзгертіп алуында мән бар
екендігі байқалады. Бірінің артында өлмелі шал-кемпірі қалған, бірінің
артында ниеттей бала-шағасы қалған арыстай екі жігіт арыстандай
алысып, әлдеқайдағы бір-бірімен бақталас екі байдың жыртысын жыртып
мерт болады. Мысыққа ойын керек дегендей екі байдың ермек еткен асығы
тәрізді.
Фразеологизмдердің сыңарларын синонимдес және өзге де
сөздермен ауыстыру көркем шығармада белгілі бір мақсатқа бағынады.
Сондықтан мұндай жаңғыртулар стильдік түрлендіруге жатады, ал сөйлеу
тілі контексінде ұшырасатын жаңғыртулар пәлендей дерлік көркем
мақсаттан туындап жатпайды. Мысалы, сөзі удай де енді тілі удай деп
өзгерту көркемдік мақсатқа байланысты деуге болмайды.
Жазушы кейде фразеологиялық сөз орамдарының сыңарларын
синонимдес немесе мағына жағынан белгілі бір тематикаға жататын
сөздермен түрлендіргенде, зат пен кұбылыстың өзі емес, жеке белгілеріне
қарай алмастыруы мүмкін. Мысалы, қан сөзінің тұрақты атрибуты –
қызыл. Осыны негізге ала отырып жазушы қан майдан деген
54


фразеологиялық тіркесті қызыл майдан деп өзгертеді: Қызыл майдан бұл
ауылдың үстіне енді ғана жақындап келе жатқан кез (Ғ.Мүсірепов.
"Ананың арашасы"). Фразеологиялық тіркестің сыңарын бұлайша өзгертіп
алуы оқырманға әлдеқандай сұсты бір оқиғаның хабаршысындай көрінеді.
Жалпытілдік қолданыста таңдай қақты, бас шайқады, аузын ашты
деген синонимдес фразеологиялық шоғырлардың мағыналары бір-біріне
өте жақын, "бір нәрсеге таңданды, қайран қалды" деген мағынаны
білдіреді. Жазушы кей контексте фразеологизмдердің сининимдес
түрлерін тіпті бір сөйлемнің шенінде топтап, жарыстыра жұмсайды.
Бұлардың көбін Әзімқан төре жүз-жүзге бөліп, талай-талай руларын
атап берді. Сопы тыңдауыны тобықтың бай-билері енді мүлде тайдай
қағып, бас шайқасып, ауыз ашып қалған. Олардың көбінің атын тағы да
Ораубай түйе сөйледі (М.Әуезов."Абай жолы"). Сырт қарағанда, үш
бірдей мәндес фразеологизмді бір сөйлемнің шенінде қатарластыра
жұмсау көпсөзділік тәрізді көрінуі мүмкін. Шындығында, үңіле қараған
оқырманға олай емес, синонимдес фразеологизмдерді жарыстыра
жұмсауда өзгеше мән жатқаны байкалады: "Таң қалды, қайран болды"
деген мағына олардың бәріне ортақ болғанмен, фразеологизмнің ішкі
формасына тән іс-әрекет, қимыл әр басқа тындаушылардың біреулері
басын шайқаса, екінші біреуі аузын ашып, енді бірі таңдайын қаққан іс
әрекетін оқырман көз алдына жеке-жеке елестеткендей болады.
Синонимдес фразеологизмдерді жазушының жарыстыра қолдануының
міне, осындай өзіндік көркем шешімі бар.
Мұхтар Әуезов шығармаларында тұрақты сөз тіркестерінің сан-
алуан түрлері бар дедік. Әсіресе сөз орамдары нұсқаларының молдығы,
алуан түрлі синонимдік қатарының көптігі бірден назар аударады. Әрине,
тұрақты орамдардың нұсқалары әлі түбегейлі зерттеле қойған жоқ.
Сондықтан да зерттеушілердің бұл мәселеде пікір арнасы әр түрлі.
Дегенмен бір алуан нұсқалардың тіл жұмсау дағдысында стильдік,
семантикалық реңк алып, синонимдес қолданыстың қорабасын молайтып
отырары сөзсіз. Сондықтан тұрақты тіркестің әр түрлі нұсқаларын
молынан қолданудың жақсақтығы жоқ. Бір айта кететін нәрсе, тұрақты
орамдардың нұсқалық сыңарлары жеке тұрғанда да өзара синонимдес бір
қатар түзсе, енді бір алуаны мағына жағынан мүлде алшақ сөздерге
жатады. Жазушы шығармасында мұндай сөз нұсқаларының түр-түрі аса
мол кездеседі. Мысалы, мұртын сыпдырған жоқ деген фразеологизмнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет